Қырғызстандағы отандастарымыздың сайлауға қатысуы 39,6 пайызды құрады
Бішкекте Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасына сәйкес Қазақстанның Қырғызстандағы Елшілігінде ұйымдастырылған №264 сайлау учаскесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дауыс берушілердің қатысуы 39,6 пайызды құрады, деп хабарлады Бішкектегі N264 сайлау учаскесіндегі учаскелік комиссияның төрағасы Нұрлан Ғылманов. ҚР Елшілігіндегі сайлаушылар тізімі бойынша 300 адам тіркелген.
Бішкектегі №264 сайлау учаскесіне жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де тіркелген сайлаушылардан 119 қазақстандық дауыс беруге келді, бұл 39,6 пайызды құрады. Дауыстар саналып, бюллетеньдер ресімделіп болғаннан кейін соңғы қорытынды шығарылады
— деді учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы.
Қазақстан Республикасының Бішкек қаласындағ