Азаматтардың ақысыз негізде көмек алуына мемлекет кепілдік береді — Аида Балаева
— Мемлекеттік бюджеттің 40 пайызға жуығы әлеуметтік салаға бағытталған. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның сегізінші отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етті.
— Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси реформаларының арқасында әділетті әрі ашық қоғам қалыптасты деуге толық негіз бар. Расында, азаматтардың Ата Заңның әрбір жолына үңіліп, оның мазмұны мен болашақтағы ықпалын терең пайымдауы — қоғамның саяси мәдениетінің кемелденгенін және азаматтық жауапкершіліктің артқанын аңғартады. Бұл мәселеде қолдау да, үміт те бар. Әрине, алаңдаушылық пен сын да жоқ емес. Мұның барлығы біз үшін маңызды әрі назардан тыс қалмауы тиіс. Бүгін мен қоғамды ерекше толғандырып отырған бі









