Бұл референдум барлық демократиялық қағидаттарға сәйкес келеді — Мәжіліс депутаты
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Самат Мұсабаев алдағы референдумның мән-маңызы және заңнамалар жүзінде енгізілетін өзгерістер туралы ой бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ендігіде Мемлекет басшысы қандайда бір облыс, не республикалық маңызы бар қала әкімі лауазымына жалғыз емес, бірнеше кандидатты баламалы негізде ұсынады. Оларды облыстық немесе қалалық мәслихат депутаттары таңдайтын болады. Демек, бұдан былай облыс әкімі де сайланады дей аламыз. Іс жүзінде аймақ басшысы кім болатынын жергілікті депутаттар айқындайды
- дейді депутат.
Сондай-ақ, Самат Мұсабаев Парламент пен мәслихаттар депутаттары құрамының жасақталуына қатысты өзгерістерді де атап өтті.
Президенттің Сенаттағы квотасы 15 депутаттан 10-ға дейін қысқарады. Мәжілістің депутатты