Хабарландыру — Объявление
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» ШЖҚ РМК Ақмола филиалы Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 22-бабына сәйкес, 2026 жылғы 10 тамыздан бастап «Магистральдық құбырлар арқылы су беру» реттеліп көрсетілетін қызметіне бекітілген тарифтің өзгеретіні туралы хабарлайды. Аталған тариф Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 31 шілдедегі №108-НҚ бұйрығымен (2026 жылғы 20 сәуірдегі №56-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы) бекітілді.
2026 жыл – ҚҚС-сыз 370,46 теңге/м³
Тарифтердің өзгеру себебі – ресми статистика деректеріне сәйкес өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыскерлердің орташа жалақы деңгейінің ұл




