Сайлауға ТМД елдерінен 100-ден аса бақылаушы келеді
Бұл туралы орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте ТМД атқару комитеті төрағасының орынбасары Ильхом Нематов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол 27 қазаннан бастап ТМД байқаушылары сайлау науқанын бақылауға кіріскенін айтты.
Бүгін біз сайлау науқанын бақылаушылар үшін штаб ашып отырмыз. Миссияны ТМД Атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев басқарады. Құрамына барлық Достастық елдің 100-ден астам өкілі кіреді. Оның 10-ы 27 қазаннан 21 қарашаға дейін ұзақ мерзімді бақылау жүргізеде
-деді.
Сөзінше қалған бақылаушылар сайлау күні келіп қысқа мерзімді бақылау жүргізбек. Орталық сайлау комиссиясы бүгінде 23 бақылаушыны аккредитациялады.
Сондай-ақ, ол халықаралық бақылаушылар ел заңдары мен барлық халықаралық талаптардың сақталуын қадағалайтынын баса айтты. Штаб сайлау