Бүгін кезектен тыс президент сайлауы өтеді
Бүгін, 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Дауыс беру құқығы бар 12 миллионға жуық азамат еліміздің алдағы болашағы үшін дауыс береді.
Естеріңізде болса, 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауын арнаған Мемлекет басшысы кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынған болатын.
Ал 21 қыркүйекте президент сайлауын 2022 жылдың 20 қарашасына белгілеу туралы Мемлекет басшысының Жарлығы жария етілді.
23 қыркүйекте президенттікке үміткерлерді тіркеу басталды. Сол күннен 21 қазан аралығына дейін республикалық қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар 12 тұлғаны Орталық сайлау комиссиясына үміткер ретінде ұсынды. Оның алтауы президенттіктен үміткер ретінде тіркеліп, президенттікке кандидаттар 21 қазан күні сағат 18.00-ден бастап үгіт-насихат жұмыстарына кірісуге