Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился
2025 жылдың қорытындыларын талдау мақсатында Қазақстанның барлық өңірін қамтыған және 1000 респонденттің қатысуымен жалпыұлттық әлеуметтанулық сауалнама өткізілді. Зерттеу нәтижелері азаматтардың өтіп бара жатқан жылды оң бағалайтынын байқатады. Жаһандық тұрақсыздық жағдайында мұндай нәтиже қоғамның болып жатқан өзгерістерге бейімделу деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.
Жеке жетістіктер мен тұрақтылық жылы
«2025 жыл сіз үшін қандай жыл болды?» деген алғашқы сұраққа респонденттердің біразы алдымен ойланып қалды. Бұл күнделікті өмірдің қарқыны аясында жылдың тек сын-қатерлермен ғана емес, сонымен қатар жетістіктермен де сипатталатынын әрдайым бірден аңғару мүмкін еместігін айғақтайды. Сонымен қатар, сауалнама қорытындылары оң бағалардың теріс пікірлерден 3,5 есе басым екенін көрсетті. Атап










