Мемлекеттік басқару академиясы: Жаңа Конституция қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуін жетілдіреді
Мемлекеттік басқару академиясы директорының орынбасары Құралай Садықова «Референдум-2026» атты онлайн-марафонда жаңа Конституция жобасы мемлекеттік органдардың халықпен жұмыс қағидатын өзгертетінін айтты.
— Ең бастысы, қоғамдық қатынастар құқықтық тұрғыдан реттеле түсті. Әрбір азамат өзінің бостандығы аяқталған жерде, басқа адамның бостандығы мен құқығы басталатынын дұрыс түсіну керек. Ол шектен асып кетуге болмайды. Бұл заң бұзу болып есептеледі, — деді сарапшы.
Мемлекеттік басқару академиясы директорының орынбасары жаңа Конституция күнделікті өмірде моральдік қағидаттармен қатар құқықтық қағидаттарды да сақтап жүру әдетін қазақстандықтардың өмір салтына айналдыратынын айтады.
— Мұның екінші жағы бар. Құқық нормалары, заңдар әлеуметтік әділдік тұрғысынан қалыптастырылуы керек. Ег









