Амнистияға іліккен азаматтардың қоғамға қайта бейімделуі қалай жүзеге асады?
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына орай жарияланған амнистия аясында жазасын өтеуден босатылатын азаматтардың қоғамға табысты бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында кешенді әлеуметтік қолдау шаралары көзделген.
Әлеуметтік бейімдеудің негізгі бағыттарының бірі – жұмыспен қамту. Бостандыққа шыққан азаматтарға жергілікті атқарушы органдар мен халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы олардың біліміне, еңбек тәжірибесіне және денсаулық жағдайына сәйкес жұмыс орындары ұсынылады. Қажет болған жағдайда азаматтар сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту курстарына жіберіледі.
Сондай-ақ босатылған адамдарға жеке басын куәландыратын және өзге де қажетті құжаттарды қалпына келтіруге көмек көрсетіледі. Бұл олардың жұмысқа орналасуына, медициналық және әлеуметтік қ









