«Сақ стилі» сериясымен шыққан жаңа 500 теңгелік банкнотаның қорғаныш элементтері туралы
Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап жаңа 500 теңгелік банкнотаның айналымға шығарылғанын хабарлайды.
Бұл – «Сақ стилі» сериясымен шыққан бесінші банкнота. Оның дизайны дәстүрлі қазақ орнаментінің бастауы саналатын сақтар мәдениетінің көркемдік элементтеріне негізделген. Осылайша, бұл серия көшпенділердің бірегей болмысынан бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі аралықты қамтитын еліміздің бай мұрасын айшықтайды.
Осыған байланысты Қазақстан Ұлттық Банкі шынайы банкноталарды қолдан жасалған ақшадан ажыратуға көмектесетін қарапайым ережелер барын еске салады. Осылай тексеру арқылы банкнотаның түпнұсқа екенін анықтауға болады.
Ақша белгісінің қорғаныш элементтері туралы
Банкнотада рельеф қалыптастыратын арнайы баспа түрі – алтын интаглио қолданылған. Қазақстан Ре









