Көкшетауда «Конституция және халық даналығы» тақырыбындағы Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті
13 ақпанда Көкшетау қаласындағы «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің «Конституция және халық даналығы» тақырыбындағы отырысы өтті. Іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қуаныш Ғибадатұлы Шақшақов, облыстық Ақсақалдар кеңесінің мүшелері және қоғам өкілдері қатысты.
Отырысты ҚХАА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ермек Нұғыманов ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде Конституцияның қоғам өміріндегі маңызын атап өтіп:
Конституция – елдің тұрақтылығы мен бірлігінің берік негізі. Халық даналығы мен ұлттық құндылықтар негізгі заңның рухымен үйлескен кезде ғана қоғамда сенім, келісім және сабақтастық нығаяды. Ақсақалдардың басты міндеті – осы құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізіп, ел бірлігін сақтауға үлес қосу
– деді.
Жиын барысында қоғамд










