Ел үшін тарихи маңызы зор референдумға келдім – Қосшы қаласының қарт тұрғыны
Қария жастардың болашағы үшін дауыс бергенін айтты.
Ел үшін тарихи маңызы аса зор референдумда Қосшы қаласының ардақты ақсақалы, Ұлы Отан соғысының ардагері, жасы 100-ге жақындаған Нұрғасым Әжітаев та өз таңдауын жасап, №750 сайлау учаскесінде дауыс берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Өңірдің ең қарт тұрғындарының бірі Нұрғасым Әжітайұлы 1925 жылы бұрынғы Семей облысы (қазіргі Абай облысы) Абыралы ауданы Сарықамыс ауылында дүниеге келген. Жасы 100-ге тақаған қария 1943 жылдың 15 қаңтарында Жаңасемей аудандық әскери комиссариатының шақыруымен әскер қатарына шақырылады. Сол жылы Новосібір қаласының мергендер мектебін бітіреді. Курск доғасындағы шайқастарда авиациялық қызметте атқыштар қатарында соғысқан. Берлинді алуға жасалған шайқастарға да белсене қатысқан. Ерлік