Ақмола облысында экономика және бюджеттік жоспарлау қалай жүзеге асырылуда
Бұл жайында Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының м.а Әсет Құрманғожин баяндап берді.
Жалпы, есепті кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша оң динамика байқалады.
Ақмола облысының өнеркәсіптік кәсіпорындары 1 трлн өнім өндірген. Ауыл шаруашылығында өнім шығару артқан.
Ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарының көлемі, сауда, көлік және қоймалау қызметтері бірнеше есеге дейін ұлғайды.
Осы жылдың 7 айында 276,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, осылайша 2,5 мыңнан астам отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартқан.
16 382 жаңа жұмыс орны экономиканың барлық салаларында құрылды, жұмыссыздық деңгейі төмендеді.
Орташа жалақы 12,9% - ға өсіп, 321 мың теңгеге жетті.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жергілі