Щучинск қаласында халықаралық деңгейде «Айбын» жастар жиыны өтеді
21-27 маусым аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледждің «Амандық» оқу-жаттығу орталығында XII «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтпек.
Биыл еліміздегі әскери-патриоттық тәрбиенің ең ауқымды ордасы 53 команда құрамында 14-17 жас аралығындағы 900-ден астам қатысушыны қабылдайды. Олардың қатарында Қазақстан әр өңірінен іріктелген құрамалар, Қарулы күштердің және өзге де күштік құрылымдардың әскери-патриоттық клубтары, әскери колледждер мен мамандандырылған лицейлер бар. Бұған қоса Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан командалары қатысатынын растады.
Халықаралық деңгейде ел намысын Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Қорғаныс министрлігі Әскери колле





