Бала қауіпсіздігін сақтау — баршаға ортақ міндет
2023 жылдың басынан бері көппәтерлі үйлердің терезелерінен балалардың құлауының 3 жағдайы тіркелді (1 жағдайдан – Балқаш, Шымкент және Астана қалаларында).
Сонымен бірге, Қосшы қаласында көп қабатты үй терезесінен 5 жасар баланың құлап, ауыр жарақат алу фактісі орын алды.
Мемлекеттік саясаттың мақсаттарының бірі балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылатынын атап өткен жөн.
Осыған байланысты қоғамның, әсіресе ата-аналардың балалардың өмірі үшін қауіпсіздік пен жауапкершілік мәселелеріне назарын арттыру мәселелеріне назар аудару маңызды.
Облыста мүдделі органдардың қатысуымен көппәтерлі үйлердің терезелерінен балалардың құлап кету фактілерін болдырмау мақсатында 2023 жылғы 3 - 14 сәуір аралығында «Қауіпсіз терезелер» республикалық ақпараттық на