29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Воскресенье, 24 ноября

Берік Тоқтаров

Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының ТжӘҚЖ орынбасары полковник

Тәуелсіздік туын биік көтеріп тарихты жалғастырар білікті де білімді мамандармен толысатынына да кәміл сенеміз

1465 жылы Алтын Орданың және 1468 жылы Өзбек хандығының ыдырау кезінде қалыптасқан, қазіргі Қазақстан мен оған іргелес мемлекеттер аумағында орналасқан — қазақ мемлекеті. Аумағының жартысынан көп бөлігі Орта Азияда , бір бөлігі Шығыс Еуропада орналасқан XV ғасырда тарих бетін түбегейлі өзгерткен мемлекет бүгінгі күні Тәуелсіздігінің отыз екі жылдығын тойлауда. Өзбек хандығындағы жемқорлық, саяси тұрақсыздық пен әлсіз үкіметтен шаршап, Керей мен Жәнібек сұлтандар өзіне бөлек шығып, қазақ хандығын құруға шешім қабылдайды. 1465 жылы киелі Жетісу өңірінде көш бастаған ұлы қазақ халқы Керей сұлтанды таңдап хан етіп тағайындайды. Еске сала кетсек тарих бойы қазақ хандығы өз аумақтарын үлкейтіп, қазіргі Қазақстанның территорияларының көбісіне ие болған.

Ертіс пен Еділдің, арқа мен Алатаудың арасына дейін қамтыған ұлы жер болып 1991 жылы сол кезде құрылған КСРО мемлекеттер арасына бөлек шығып мемлекеттік бар Туы, Елтаңбасы, Әнұраны жөн көріп, тәуелсіз мемлекет құруды жөн көреді. Сонау ала-сапыран қиындықты басынан өткерген қазақ мемлекеті 1991 жылы 16 желтоқсанында өзге елдердің алдында мемлекеттігін дәлелдеп көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізеді. Отыз екі жылда елімізде көптеген өзгерістер еңгізілді, XX ғасырдың соңындаа еліміз даму жолындағы елдер қатарына еңсе, 2000 жылдан бастап жаңа заман талаптарына сай технологияда, ішкі, сыртқы экономиканың дамуына, қорғаныс саласын дамыту жолында орасан зор өзгерістерге қол жеткізеді, мәселен баяғы Ішкі әскер (қазіргі Ұлттық ұлан) дәрежесін иеленген әскери құрылым жауынгерлік қызметтің сапасын жақсарту жолында оқу үрдісін, техникамен қамту, киім үлгісі, жаңа әскери бөлімдер құру, қару-жарақ жиынтығымен қамтамасыз ету бағытын алға қойып, қойылған мақсаттарына жыл сайын жетіп даму үрдісіне көшеді, мұны да үлкен жетістігіміз деп атап өткеніміз жөн.

Дамыған заманда жаңа ұрпақ жаңа сұранысқа ие болады, гаджеттердің заманында туылған сарбаздарға Отандық патриотизм, ержүректікке тәрбиелеу өзіндік тәсілі бар, солардың бірі мектеп партасынан әскери-патриоттық тәрбиеге мән беру, оқушы кезінде сарбаз өмірімен тығыз байланыстыру, патриоттық нақышта бағдар беру, бұл жолда Ұлттық ұлан құрылымы қапы қалмай, 2003 жылы өз бастауын алған «Жас бүркіт» спорттық әскери-патриоттық клубы әскери қызметшілердің балаларына, еліміздің әрбір қаласындағы мектептерімен референдум құрып арнайы программасына сай әскери-патриоттық сыныптарын ашқан болатын, одан бетер әскери салада оқу үрдісінде мемлекеттік-құқықтық дайындығы сабағынан материалдардың жетік меңгерілуі үшін әдіс-тәсілдер ойлап табылған болатын (қағаз бетіне материалдың QR-коды еңгізу бойынша жеке құрамға тарату), презентация құру, мемлекет тарапынан жарияланған әрбір қаулыларды жеткізіп өзіндік өзгерістерге ұшырады, тоқсаныншы жылдары сұранысы болмаған интернет желісі қазіргі таңда әрбір әскери бөлімдерде таратылып күнделікті қолданылатын болды, мұны да заман талаптарына сай қадамымыздың ілгері басқаны деп ескерсек көп болмас.

Мемлекеттің ішкі тәртібін, тұрғындарымыздың азаматтық құқығын қорғау, ішкі шиеленіске алдын-алатын құқық қорғау әскері Тәуелсіздік жылдарында көптеген операцияларға қатысып мемлекеттігімізді сақтап жоғары дәрежеде бағаланған болатын, оның айқын дәлелі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың баяндамаларында Ұлттық ұлан қызметкерлерінің қызметінің ауыр да күрделі екеніне тоқталып, сапалы ұйымдастырылғанын жоғары бағалап, әрбір әскери қызметшінің жеке қамтамасыз етілуі, мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөліну керектігін де атап өткен болатын.

Ата-бабамыз мирас етіп қалдырған кең байтақ жерімізді қорғау жолында Ұлттық ұлан жауынгерлері қолына қару алып суық пен ыстығына қарамай бекетте, қала көшелерінде күн сайын қырағылық танытып қатарын жылдан-жылға қатарын сиретпей, ел сенімін ақтап келеді. Баянды болашағымыздың Тәуелсіздік туын биік көтеріп рухты тарихы бар елімізді қорғар білікті де білімді мамандармен толысатынына да кәміл сенеміз!!!

Наше сообщество в Вконтакте. Подпишись, чтобы быть в курсе новостей!