29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Понедельник, 11 ноября

Шетелде 5 мыңға жуық отандасымыз дауыс берді

Шет мемлекеттерде жүрген мыңға жуық Қазақстан азаматы дауыс берді. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кезектен тыс Парламент депутаттарын сайлау аяқталуға жақын. Қазақстан әлемдік қауымдастықтың жауапты мүшесі ретінде сайлауларды халықаралық стандарттарға сәйкес өткізуге мүдделі бола отырып, оған қатысуға халықаралық байқаушыларды шақырды. 12 халықаралық ұйым мен 41 шет мемлекеттен аккредиттелген шетелдік байқаушылардың жалпы саны 793 адамды құрады. Сонымен қатар сайлауды бақылауға 246 шетелдік журналист қатысуда. Астана мен Алматы қалаларында «Халықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдеріне жәрдемдесу орталықтары» ашылды. Аталған орталықтар барлық қажетті техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген және бүгін таңертеңнен бастап байқаушылар брифингтер мен конференциялар форматында өз пікірлерін білдіріп жатыр

— деді министр орынбасары Орталық сайлау комиссиясындағы брифинг барысында.

Сонымен қатар ол шетелде жүрген Қазақстан азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету үшін 62 шет мемлекеттегі дипломатиялық өкілдіктері жанынан 77 сайлау учаскесінің ашылғанын атап өтті. Оларда 12 016 адам дауыс беруі тиіс.

Бүгін сағат 18:00-дегі жағдай бойынша шетелдердегі 11 сайлау учаскесі жұмысын аяқтады және қазір де жұмыс істеп жатқан учаскелерді шамамен 5 мың Қазақстан азаматы дауыс берді. Бұл 42 пайызды құрайды. 66 учаске жұмысын жалғастырып жатыр. Жалпы, шетелдегі дауыс беру 20 наурыз күні таңертеңгі сағат 09:00-де Сан-Францискодағы сайлау учаскесінде аяқталады

— деді Роман Василенко.