На заседании Центральной избирательной комиссии РК был рассмотрен вопрос о предоставлении списков избирателей на избирательные участки, передает корреспондент МИА «Казинформ».
Конституционное право на избрание Президента страны граждане реализуют путем голосования на основании списков. Поэтому вопрос формирования актуальных и полных списков, как один из важных организационных элементов выборного процесса, был рассмотрен на одном из недавних заседаний Центральной избирательной комиссии. Местным исполнительным органам было дано два поручения. Первое – широкое информирование граждан о порядке включения в списки избирателей, на основании письменных заявлений, в том числе временно зарегистрированных граждан. Второе поручение – максимальное функционирование информационных сервисов, точнее, колл-центров, цифровых сервисов, интернет-ресурсов по проверке включения в списки избирателей и предоставлению информации гражданам об их включении в список избирателей
– сказал председатель ЦИК Нурлан Абдиров.
По его словам, от качества составления списков избирателей зависит соответствующая организация голосования в день выборов. Поэтому местные исполнительные органы всех регионов должны отчитаться по данному вопросу.
Заслушав отчеты представителей всех регионов, Центральная избирательная комиссия приняла к сведению представленную информацию.
Уважаемые избиратели! Проверить включение себя в список избирателей по месту регистрации можно через сайт или колл-центр соответствующего акимата. С 4 ноября 2022 года вам будет предоставлена возможность проверить данные о себе в списке избирателей на своем участке
– сказал Н.Абдиров.
ҚР Орталық сайлау комиссиясы жергілікті атқарушы органдардың сайлаушылар тізімін учаскелерге беру мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Азаматтар ел президентін сайлауға конституциялық құқығын сайлаушылар тізімі негізінде дауыс беру арқылы жүзеге асырады. Сондықтан сайлау процесінің маңызды ұйымдастырушылық элементтерінің бірі ретінде сайлаушылардың толық тізімін қалыптастыру мәселесі Орталық сайлау комиссиясының өткен отырысында арнайы қаралған болатын. Сол кезде жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларды қамтамасыз ету тапсырылып еді. Біріншісі – жазбаша өтініштер негізінде, оның ішінде уақытша тіркелген азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу тәртібі туралы азаматтарды кеңінен хабардар ету. Екінші – сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексеру мен азаматтарға олардың сайлаушылар тізіміне енгізілгені туралы ақпарат беру бойынша ақпараттық сервистерді, атап айтқанда колл-орталықтарды, интернет-ресурстарды барныша іске қосу
— деді ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылар тізіміне енгізу мәселелері бойынша ақпараттық материалдар дайындады, олар республикалық БАҚ-та жарияланды.
«ҚР Сайлау туралы» конституциялық заңның 24 және 26,1-баптарына сәйкес, әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізіміне өз шешімімен учаске құрған әкім қол қояды және ол дауыс беру басталардан 20 күн бұрын акт бойынша ұсынылады. Әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізімін тиісті әкім дауыс беру басталардан 20 күн бұрын акт бойынша аумақтық комиссияға ұсынады. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың ОСК бекіткен күнтізбелік жоспарына сәйкес, кеше 30 қазанда тиісті әкімдер сайлаушылардың тізімдерін әрбір сайлау учаскесі бойынша аумақтық сайлау комиссияларына берді. Бұл бағытта қандай жұмыс жүргзілігенін білу үшін бүгін барлық өңірлердің есебін тыңдаймыз
— деді Н. Әбдіров.
Орталық сайлау комиссиясы барлық өңірлер өкілдерінің есептерін тыңдап, ұсынылған ақпаратты назарға алды.
Құрметті сайлаушылар! Өзіңізді тіркеу орны бойынша сайлаушылар тізіміне енгізуді тиісті әкімдіктің сайтынан немесе колл орталық арқылы тексеруге болады. 2022 жылдың 4 қарашасынан бастап өз учаскеңіздегі сайлаушылар тізімінен өзіңіз туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі
— деді Н. Әбдіров.