29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Пятница, 13 февраля

Работникам предприятия «Асыл Арман» города Кокшетау разъяснили проект новой Конституции

Председатель Акмолинского маслихата Бейбит Жусупов разъяснил проект обновленной Конституции коллективу ТОО «Асыл Арман». В обсуждении ключевых реформ, направленных на защиту жилищных прав и поддержку семейных ценностей, приняли участие более 120 работников предприятия.

Масштаб предстоящих изменений Бейбит Жусупов объяснил необходимостью полной перезагрузки общественного договора и защиты интересов каждого гражданина.

Текст новой Конституции был подготовлен на основе масштабных обсуждений, в ходе которых от граждан поступило около 10 тысяч предложений. Это свидетельствует о том, что закон прошел всесторонний фильтр и вызвал искренний интерес у жителей каждого региона. Теперь мы имеем документ, который прошел народную экспертизу и отражает реальные запросы общества

— отметил спикер.

Особый резонанс вызвали обновленные нормы статьи 28 о неприкосновенности жилища. Разъясняя эти гарантии, председатель маслихата подчеркнул:

Лишение человека жилья либо его выселение без решения суда теперь не допускается, а все подобные споры должны рассматриваться исключительно в судебном порядке. Жилище неприкосновенно, и любые обыски или осмотры возможны лишь в случаях и в порядке, строго установленных законом. Государство берет на себя обязательство создавать условия для обеспечения граждан жильем и предоставлять его нуждающимся в соответствии с законодательными нормами

— рассказал Жусупов.

Важным блоком стали вопросы защиты института семьи и прав женщин.

Брак, семья, материнство, отцовство и детство теперь находятся под защитой государства, а поддержка семей с детьми становится нашей ключевой обязанностью. Мы четко закрепили, что брак является союзом, основанным на добровольном выборе и равенстве прав мужчин и женщин. Кроме того, вводится норма о взаимной ответственности поколений, включая обязанность совершеннолетних детей заботиться о нетрудоспособных родителях

— акцентировал внимание член комиссии.

Вопросы образования и светского будущего страны также получили уточненную конституционную фиксацию. Жусупов заверил коллектив, что равный доступ к знаниям будет гарантирован независимо от достатка семьи:

Государство обеспечивает бесплатное среднее образование и сохраняет право на бесплатное обучение в вузах на конкурсной основе для детей из многодетных семей. В школах и других учебных заведениях недопустимо навязывание детям религиозных взглядов, так как религия официально отделена от государства. Каждый ребенок имеет право самостоятельно выбирать, верить ему или нет, что обеспечивает баланс между свободой совести и защитой конституционного строя

— добавил председатель.

Завершая встречу, Бейбит Жусупов призвал акмолинцев не оставаться в стороне от исторического события.

Это наш осознанный выбор и наша общая ответственность перед будущими поколениями. Ключевой принцип реформы заключается в том, что она реализуется исключительно в интересах народа и при его непосредственном участии

— подытожил он.
Подпишись на наш видеоблог на YouTube! Тебе не сложно — нам приятно )
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов «Асыл Арман» ЖШС ұжымына жаңартылған Конституция жобасын түсіндірді. Тұрғын үй құқықтарын қорғау мен отбасылық құндылықтарды қолдауға бағытталған негізгі реформаларды талқылауға кәсіпорынның 120-дан астам қызметкері қатысты.

Алдағы өзгерістердің ауқымын Бейбіт Жүсіпов қоғамдық келісімді жаңарту және әрбір азаматтың мүддесін қорғау қажеттілігімен түсіндірді.

Жаңа Конституция мәтіні кең көлемді қоғамдық талқылаулардың негізінде дайындалды. Осы үдеріс барысында азаматтардан шамамен 10 мыңға жуық ұсыныс түсті. Бұл құжаттың жан-жақты сараптамадан өткенін және барлық өңір тұрғындарының шынайы қызығушылығын тудырғанын көрсетеді. Бүгінде біз халықтық сараптамадан өткен, қоғамның нақты сұранысын бейнелейтін маңызды құжатқа ие болдық

— деді спикер.

Әсіресе тұрғын үйге қол сұқпаушылыққа қатысты 28-баптың жаңартылған нормалары үлкен қызығушылық тудырды. Осы кепілдіктерге тоқталған мәслихат төрағасы:

Енді сот шешімінсіз азаматты тұрғын үйінен айыруға немесе көшіруге жол берілмейді. Мұндай даулар тек сот тәртібімен қаралады. Тұрғын үй қол сұғылмайтын нысан болып табылады, ал тінту мен тексеру тек заңда белгіленген жағдайларда ғана жүзеге асырылады. Мемлекет азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге және мұқтаж жандарға заң аясында қолдау көрсетуге міндеттеме алады

— деп атап өтті.

Кездесуде отбасы институтын және әйелдер құқығын қорғау мәселелеріне де ерекше назар аударылды.

Неке, отбасы, ана мен әке, бала бүгінде мемлекеттің қорғауында. Балалы отбасыларды қолдау — басты міндеттеріміздің бірі. Неке ерікті таңдау мен ерлер мен әйелдердің тең құқығына негізделетіні нақты бекітілді. Сонымен қатар ересек балалардың еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық көрсету міндеті де заң жүзінде айқындалды

— деді комиссия мүшесі.

Білім беру және мемлекеттің зайырлы бағытына қатысты нормалар да нақтыланды. Жүсіповтың айтуынша, әрбір балаға әлеуметтік жағдайына қарамастан білім алуға тең мүмкіндік беріледі.

Мемлекет тегін орта білім беруді қамтамасыз етеді, ал көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін жоғары оқу орындарында грант негізінде оқу мүмкіндігі сақталады. Мектептерде діни көзқарастарды күштеп таңуға жол берілмейді, себебі дін мемлекеттен бөлінген. Әрбір бала өз сенімін өзі таңдауға құқылы. Бұл ар-ождан бостандығы мен конституциялық тәртіп арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді

— деді ол.

Кездесуді қорытындылай келе, Бейбіт Жүсіпов ақмолалықтарды маңызды қоғамдық үдеріске белсенді қатысуға шақырды.

Бұл — біздің саналы таңдауымыз және келер ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілігіміз. Реформаның басты қағидаты — оның тек халықтың мүддесі үшін және халықтың тікелей қатысуымен жүзеге асырылуы

— деп түйіндеді ол.