АСТАНА. ҚазАқпарат – Автокөлік жолдарының құрылысында міндетін адал атқармаған барлық компания заң бойынша жауапқа тартылады. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Автокөлік жолдарының құрылысы мәселесі шешімін табуға тиіс. Қазір оның сапасы сын көтермейді. Тиісті жұмыстар уақтылы және сапалы жасалмайды. Жемқорлық белең алып тұр, бәсеке де жоқтың қасы. Мұның бәрі – осы салада әбден тамыр жайған кемшіліктер», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл тұрғыда Президент жыл соңына дейін нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
«Міндетін адал атқармаған барлық компания заң бойынша жауапқа тартылады. Бұл мәселеге мен баса назар аударамын. Бақылауды күшейтіп, жаңа нормативтік құжаттар қабылдау керек. 2029 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізу қажет», — деді Мемлекет басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ПрезидентҚазақстанда Көлік министрлігі қайта құрылатынын айтты.
Президент автокөлік жолдарының құрылысын сынға алды
| 320 просмотров
Поделиться: