29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Особенности предстоящих выборов в Мажилис обозначил эксперт

Объективность и справедливость предстоящих выборов будет зависеть от активности граждан. Такое мнение высказал политолог Казбек Майгельдинов, передает корреспондент МИА «Казинформ».

Предстоящие внеочередные выборы в Мажилис и маслихаты пройдут в новых, особых условиях. Можно сказать, что все это — явный плод, отражение проводимых Президентом политических реформ. С 2019 года в рамках Национального совета общественного доверия принято 5 серий политических реформ. Были внесены изменения в законодательство о выборах, политических партиях. В результате произошло изменение избирательной системы. То есть на этот раз выборы пройдут по пропорционально-мажоритарной системе. Следовательно, не только по партийным спискам, но и по самовыдвижению отдельные граждане смогут побороться за 29 мандатов. Это только на уровне Мажилиса. Изменения произойдут также на уровне области, городов, районов — на выборах депутатов маслихатов. К примеру, в области 50/50, а на уровне района, города на 100% предоставляется возможность участвовать в выборах путем самовыдвижения

— отметил Казбек Майгельдинов в беседе с корреспондентом агентства.

По его словам, после выборов в Мажилис придут новые политические силы, новые политические партии. А их представительство в палате позволяет снизить порог перехода политических партий в Парламент с 7 до 5 процентов. Также несколько упрощены условия регистрации политических партий в стране. В частности, ранее для регистрации политической организации число сторонников должно было составить 40 тысяч, затем 20 тысяч. Благодаря внесенным в закон изменениям политические партии получили возможность зарегистрироваться с 5 тысячами сторонников. Такой возможностью недавно воспользовались 2 политические организации, которые прошли официальную регистрацию в Министерстве юстиции.

Конечно, это послужит становлению политического разнообразия в нашей стране. С этой точки зрения это можно назвать новизной, особенностью выборов. Кроме того, в бюллетень для голосования была включена новая строка «против всех». Мы видели, что она использовалась и на прошедших внеочередных президентских выборах. В результате доля избирателей, проголосовавших против всех, составила 5 процентов. Это также право граждан. Следовательно, граждане, которые вообще не поддерживают политическую партию или какого-либо кандидата, могут использовать это право на выборах

— пояснил Казбек Майгельдинов.

Также политолог обращает внимание на то, что по инициативе Президента предусмотрена 30-процентная квота для женщин, молодежи и граждан с инвалидностью.

Это 69 мандатов, избираемых партийным списком в Мажилисе, а также 29 мандатов, избираемых мажоритарным списком, эта квота будет в обязательном порядке соблюдаться. Это вносит большой вклад в защиту избирательных прав женщин, молодежи, а также граждан с ограниченными возможностями

— добавил Казбек Майгельдинов.

Эксперт подчеркивает, что справедливое прохождение любых выборов напрямую зависит от активности граждан.

С этой точки зрения институт наблюдателей сегодня набирает обороты. То есть участие наблюдателей как при голосовании, так и при подсчете голосов, вносит большой вклад в справедливое, открытое, прозрачное проведение выборов. В Мажилисе, особенно в маслихатах, есть доверенные лица, будь то самозанятый гражданин или политическая партия. Есть возможность привлечь и наблюдателей. Я думаю, что мы будем способствовать справедливому проведению выборов через этот институт наблюдателей

— считает Казбек Майгельдинов.

Он также отметил, что сегодня к народным избранникам предъявляются высокие требования со стороны населения.

Даже политические партии предъявляют жесткие требования к внутреннему отбору при утверждении списка кандидатов. Потому что, прежде всего, депутаты должны быть публичными. Их открытость должна быть очень высокой. Высокая политическая грамотность в вопросах активности, встреч с избирателями, выражения взглядов, защиты интересов граждан с трибуны Мажилиса. Желательно, чтобы у народных избранников был высокий стимул вмешиваться в дискуссию. Кроме того, любой депутат должен быть заинтересован в выполнении обещаний перед избирателями, предвыборной программы. Следовательно, впереди предстоят большие вехи в развитии института парламентаризма. Мы должны пройти этот этап с честью. Избираемый Мажилис будет участвовать в формировании нового Правительства путем выдвижения своих кандидатов. Таким образом, мы ожидаем не только реорганизации политической системы в нашей стране, но и прихода нового государственного аппарата, в том числе новых лиц на государственной службе, во власти

— резюмировал Казбек Майгельдинов.

__________________________________________

Сайлаудың әділ өтуі – азаматтардың сол саяси додаға қатысу белсенділігіне байланысты. Мұндай пікірді Ұлттық құрылтай мүшесі, саясаттанушы Қазбек Майгелдинов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдағы кезектен тыс Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы жаңа, ерекше жағдайда өтейін деп тұр. Мұның барлығы Президент жүргізіп жатқан саяси реформалардың нақты жемісі, көрінісі деп айтуға болады. 2019 жылдан бері Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аясында саяси реформалардың 5 топтамасы қабылданды. Оның аясында еліміздегі белгілі саясаттанушылар, сарапшылар, қоғам белсенділерінің қатысуымен заңнамалық тұрғыда сайлау, саяси партиялар, шерулер туралы заңнамаларға өзгерістер енгізілді. Соның нәтижесінде алдағы өтетін сайлаудың бұған дейінгі саяси додалардан бір ерекшелігі – бұл сайлау жүйесінің өзгеруі. Яғни, осы жолы сайлау пропорционалды-мажоритарлы жүйемен өтеді. Демек, тек партиялық тізіммен ғана емес, сонымен бірге жекелеген азаматтар өзін-өзі ұсыну арқылы 29 мандат үшін таласқа түсе алады. Бұл орын тек Мәжіліс деңгейінде. Ал облыс, қала, аудан деңгейінде мәслихатта бұл үлес өзгереді. Мысалы облыста 50/50 болса, ал аудан, қала деңгейінде 100 пайыз өзін өзі ұсыну арқылы сайлауға қатысуға мүмкіндік беріліп отыр

— деді саясаттанушы.

Оның атап өтуінше, алдағы сайлаудан кейін Мәжіліске жаңа саяси күштердің, жаңа саяси партиялардың келуі маңызды. Ал олардың төменгі палатаға өкілдік етуіне сайлау кезінде саяси партиялардың Парламентке өту шегін 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендету мүмкіндік береді. Сонымен қатар елімізде саяси партияларды тіркеу шарттары да біршама жеңілдетілді. Нақтырақ айтсақ, бұрын саяси ұйымның тіркелуі үшін жақтаушылар саны 40 мың, одан кейін 20 мың болуы тиіс еді. Заңға енгізілген өзгертулердің арқасында саяси партиялар 5 мың жақтаушысымен тіркелуге мүмкіндік алды.

Мұндай мүмкіндікті таяуда 2 саяси ұйым пайдаланып, Әділет министрлігінен ресми тіркеуден өтті.

Әрине, бұл еліміздегі саяси алуантүрлілікке мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда мұны сайлаудың жаңашылдығы, ерекшелігі деуге болады. Мұнан бөлек, дауыс беру бюллетеніне «барлығына қарсымын» деген жаңа баған енгізілді. Оның өткен кезектен тыс президент сайлауында қолданылғанын көрдік. Нәтижесінде үміткерлердің «барлығына қарсымен» деген сайлаушылардың үлесі 5 пайызды құрады. Бұл да азаматтардың сайлаудағы таңдау құқығы. Демек, саяси партияны немесе қандай да бір кандидатты мүлдем қолдамайтын азаматтар сайлауда осы құқығын қолданады. Яғни, азаматтар сайлауға келіп дауыс беру, «барлығына қарсымын» деген бағанға белгі қою арқылы өзінің сайлауға қатысы бар екенін білдіруге мүмкіндік алып отыр

— деді Ұлттық құрылтай мүшесі.

Сонымен қатар Қазбек Майгелдинов Президент бастамасымен әйелдер мен жастарға және мүгедек азаматтарға Мәжілісте 30 пайыздық квота қарастырылып отырғанына назар аудартады.

Мәжілістегі партиялық тізіммен сайланатын 69 мандатқа да, мажоритарлық тізіммен сайланатын 29 мандатқа да осы квота міндетті түрде сақталатын болады. Бұл әйелдердің, жастардың, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлану құқығын пайдалануға үлкен үлес қосады

— деді ол.

Саясаттанушы кез келген сайлаудың әділ өтуі – бұл азаматтардың сол сайлауға қатысу белсенділігіне тікелей байланысты екендігін баса айтады.

Осы тұрғыдан алғанда бүгінде елімізде байқаушылар институты үлкен қарқын алып отыр. Яғни, сайлаудың әділ, ашық өтуіне дауыс беру кезінде де, оларды санау кезінде де байқаушылардың қатысуы, үлкен үлес қосады. Мәжіліске, әсіресе мәслихаттарға өзін өзі ұсынатын азаматтың болсын, саяси партияның болсын сенімді өкілдері болады. Байқаушыларды да тартуға мүмкіншілігі бар. Біз осы байқаушылар институты арқылы сайлаудың әділ өтуіне септігімізді тигіземіз деп ойлаймын

— деді Қазбек Майгелдинов.

Ұлттық құрылтай мүшесі бүгінде халық қалаулыларына тұрғындар тарапынан талаптың жоғары екендігіне тоқталды.

Тіпті, саяси партиялардың өзі үміткерлер тізімін бекіткен кезде ішкі сұрыптауға қатаң талап қойып жатыр. Себебі, ең алдымен депутаттар жариялы болуы керек. Олардың ашықтығы өте жоғары болуы тиіс. Белсенділігі, сайлаушылармен кездесуі, көзқарасын білдіруі, Мәжіліс мінберінен азаматтардың мүддесін қорғау мәселесінде саяси сауаттылығы жоғары болуы шарт. Халық қалаулыларының пікірталасқа араласуға ынтасы да жоғары болғаны жөн. Сонымен қатар мемлекетшілдік қасиеттеріне де назар аудару қажет. Сонымен қатар кез келген депутат сайлаушылардың алдында берген уәдесін, сайлауалды бағдарламасын орындауға мүдделі болуы тиіс. Демек, алда парламентаризм институтының дамуында үлкен белес күтіп тұр. Осы белестен абыроймен өту керек. 8-ші сайланатын Мәжіліс өз үміткерлерін ұсыну арқылы жаңа Үкіметті жасақтауға атсалысады. Осылайша, біз тек еліміздегі саяси жүйенің қайта құрылуын ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік аппараттың, оның ішіндегі мемлекеттік қызметтегі, биліктегі жаңа тұлғалардың, элитаның келуін күтеміз

— деді Қазбек Майгелдинов.