Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!
Ардақты ағайын!
Сіздерді күллі мұсылман баласының ұлық мерекесі – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айт қабыл болсын! Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға береке тілеймін. Алла Тағала бәріміздің мерейімізді үстем етсін!
Ораза айт – сый мен сияпатқа, құрмет пен нығметке, шексіз сауапқа бөленетін сәт. Бұл туралы ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ораза айт күні періштелер жер бетіне түседі де әр жолдың басында тұрып: «Уа, мұсылман қауымы, Раббыларыңа асығыңдар! Сендер түнді намазбен, күндізді оразамен өткізуге бұйырылғанда амал етіп, Раббыларыңа бойсұнғандарың үшін Алла сендерді үлкен сауап пен толассыз нығметке бөлейді. Сол үшін өздеріңе тарту етілген сыйлықтарыңды алыңдар» деп дауыстайды. Ал ораза айт намазын оқып болғаннан кейін бір періште адамдарға былай дейді: «Шүбәсіз жаратқан Раббыларың күнәларыңды кешті. Үйлеріңе Алланың жолынан адаспаған күйде оралыңдар! Расында бұл күн жер мен аспан әлемінде сый-сияпатқа кенелу күні деп аталады» деген.
«Айт» сөзі – «мерекелеу», «хал сұрасу», «бір-бірін қуанту», «қуанышқа топталу» деген мағыналарды білдіреді. Исламдағы ұлық мейрамдар мұсылман қауымының, барша адамзаттың жүрегіне қуаныш сыйлауға үндейді. Айт күні отбасын, ағайын-туысты, көмекке мұқтаж адамдарды, қарттар мен қараусыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды қуандырудың сауабы мол. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқандай, парыз амалынан кейінгі ең абзал амал – мұсылманның жүрегіне қуаныш ұялату. Адам баласы өзгені қуандыру арқылы өзі де қуанышқа бөленеді.
Алла Тағала: «Мен парыз еткен оразаны пенделерiм өтеп, ақысын алуға (айт намазын өтеуге) мешiтке бет алды. Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн…» дейді. Жаратушы Жаббар Иеміз баршамызды екі дүние қуанышы мен нығметіне бөлегей.
Құрметті жамағат!
Ораза айт – адамдар арасындағы бауырмалдықты арттырып, татулық пен сыйластықты нығайтатын ұлық мереке. Осы айт күндері бір-бірімізге ізгі тілектер айтып, ағайын-туыс, көрші-қолаңмен араласып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, қоғамымыздағы бірлік пен берекені арттыра түсуіміз керек.
Ораза айт мерекесі құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ пен береке, бірлік пен татулық тілеймін. Алла Тағала сіз бен бізді келесі Рамазанға дейін аман-есен жеткізіп, мол сауапқа кенелуді нәсіп еткей. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай! Әумин!
_____________________
С именем Аллаха Милостивого, Милосердного. Хвала Аллаху, Господу миров. Благословение и мир Пророку Мухаммаду, его семье и сподвижникам!
Уважаемые братья!
Искренне поздравляю вас с великим праздником всего мусульманского мира – Ораза айт! С праздником Ораза Айт! Желаю всем вам крепкого здоровья, благополучия вашим семьям и благодати в делах. Пусть Всевышний Аллах возвысит каждого из нас!
Ораза айт – это время обретения наград и подарков, почета и неисчислимых благ, момент обретения бесконечного вознаграждения. Наш достопочтенный Пророк Мухаммед (да благословит его Аллах и приветствует) сказал об этом дне: «В день Ораза айта ангелы спускаются на землю и, стоя у начала каждой дороги, взывают: «О мусульмане, поспешите к вашему Господу! За то, что вы проводили ночи в молитвах, а дни в посте, исполняя веления и проявляя покорность своему Господу, Аллах одарит вас великой наградой и неиссякаемыми благами. Примите же дары, уготованные вам!» После же совершения праздничного намаза один из ангелов возглашает: «Воистину, Господь ваш простил ваши грехи. Возвращайтесь в свои дома, пребывая на истинном пути Аллаха! Поистине, этот день и на небесах, и на земле зовется днем получения наград».
Само слово «Айт» означает «празднование», «сближение», «взаимную радость» и «единение в радости». Великие праздники Ислама призывают дарить радость сердцам мусульман и всего человечества. В день Айта огромную награду приносит забота о семье и родственниках, помощь нуждающимся, старикам и детям, оставшимся без попечения, а также людям с ограниченными возможностями. Как говорил наш Пророк (да благословит его Аллах и приветствует), самое достойное деяние после исполнения обязательных предписаний – это вселять радость в сердце мусульманина. Даря радость другому, человек и сам обретает истинное счастье.
Всевышний Аллах говорит: «Мои рабы исполнили предписанный Мною пост и теперь направились в мечеть, чтобы получить свое вознаграждение (совершить праздничный намаз). Они постились ради Меня и разговлялись по Моему велению – пусть же теперь они пребудут в радости…». Пусть наш Творец и Всемогущий Господь одарит всех нас благами и радостью в обоих мирах!
Уважаемый джамаат!
Ораза айт – это великий праздник, который укрепляет братство между людьми, усиливает согласие и взаимное уважение. В эти праздничные дни нам следует обмениваться добрыми пожеланиями, навещать родных, близких и соседей, проявлять почтение к старшим и заботу о младших, тем самым приумножая единство и благодать в нашем обществе.
Пусть будет благословенен праздник Ораза айт! Желаю каждому дому счастья и достатка, единства и мира. Пусть Всевышний Аллах даст возможность нам всем благополучно встретить следующий Рамазан и удостоит великой награды. Пусть наш народ пребудет в благополучии, страна – в спокойствии, а наша независимость будет вечной! Аминь!

