Ағымдағы жылдың 6 қаңтарында Ұлттық ұланның 6637 әскери бөліміне Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен келді.
Кездесу барысында бөлім командирі полковник Ғалымжан Кибаев халық қалаулысына әскери бөлімнің құрылымы, жедел әскери резерв күштерімен таныстырып өтті. Арнайы техникалар мен қару-жарақ үлгілері, мұражай мен сарбаздар асханасы да назардан тыс қалмады.
Жұмыс сапары соңында облыс әкімі жеке құрамды міндеттерін адал ақтарып жатқаны үшін алғысын білдіріп, барлық көтерілген түйткілді мәселелер жуық арада шешімін табатындығын жеткізді.
Наше сообщество в Вконтакте. Подпишись, чтобы быть в курсе новостей!