29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Пресс-служба «Ауыл» партиясы»

Новая Конституция — стратегический выбор в пользу стабильного развития

9 февраля 2026 года в городе Павлодар состоялся форум с экспертами на тему «Обновленная Конституция – основа устойчивого развития».

Цель мероприятия – всестороннее экспертное обсуждение положений обновлённой Конституции, выработка профессиональных предложений по её практической реализации и формирование консолидированной позиции экспертного сообщества в поддержку конституционных реформ.

В рамках форума выступили эксперты в области политики, государственного управления и образования, представителей партии и научного сообщества. Участники обсудили значение конституционных реформ для долгосрочного развития страны, их влияние на общественно-политические процессы и механизмы эффективного применения конституционных норм на практике.

Заместитель руководителя Центрального аппарата «Ауыл» партиясы Нурхат Ораш в своем выступлении отметил, что новый проект Конституции является стратегическим документом, определяющим долгосрочные ориентиры развития страны. Он подчеркнул, что предлагаемые изменения отражают общественный запрос на справедливость, ответственность власти и укрепление правовых основ государства, а также направлены на формирование современной и устойчивой политической системы.

Предлагаемые реформы прежде всего направлены на защиту интересов народа, сохранение баланса между ветвями власти и усиление роли местного самоуправления. Кроме того, они создают прочную правовую базу для устойчивого социально-экономического развития страны, укрепления доверия граждан к государственным институтам и формирования более ответственной и открытой модели управления

— заявил Н. Ораш.

Руководитель аппарата фракции «Ауыл» партиясы в Мажилисе Парламента РК Жазира Султанкулова отметила, что «Ауыл» партиясы полностью и безоговорочно поддерживает проект новой Конституции, рассматривая его как важнейший шаг для политического и общественного развития страны.

Проект нового Основного закона страны был подготовлен на основе всестороннего анализа предложений, поступивших от граждан, политических партий, общественных организаций и ведущих экспертов, а также с учетом результатов открытых публичных обсуждений и детальной проработки новых норм и положений

– отметила Ж. Султанкулова.

Член Правления по стратегическому развитию, международному сотрудничеству и цифровизации – проректор Салтанат Аубакирова отметила, что для академического сообщества особую роль играет не только правовая модернизация, но и воспитание у молодёжи уважения к нормам закона и гражданской ответственности. По её словам, обновлённые конституционные ориентиры создают основу для усиления образовательной и просветительской работы в вузах и формирования поколения, ориентированного на созидательное развитие страны.

Политолог Борис Поломарчук заявил, что предлагаемые конституционные изменения демонстрируют эволюционный характер политической системы и направлены на повышение прозрачности институтов власти и расширение общественного участия в принятии решений. Он подчеркнул, что подобные шаги способствуют укреплению доверия между государством и обществом.

Эксперт-политолог Еламан Елемес отметил, что переход к обновленной партийной системе и новой структуре Парламента поднимет политическую культуру страны на новый уровень. Особо была подчеркнута норма о том, что изменения в Основной закон теперь могут вноситься исключительно через всенародный референдум, что является высшей гарантией стабильности государства.

После выступлений состоялась сессия экспертного обсуждения, направленная на обмен профессиональными позициями и выработку предложений по рассматриваемой тематике.

По итогам встречи участники пришли к единому выводу: новая Конституция — это стратегический выбор, позволяющий заложить фундамент безопасного, чистого и справедливого государства.

Проведение экспертного форума стало важной площадкой для профессионального диалога, выработки содержательных рекомендаций и укрепления поддержки курса на устойчивое развитие государства.

Наше сообщество в Вконтакте. Подпишись, чтобы быть в курсе новостей!

2026 жылғы 9 ақпан Павлодар қаласында «Жаңартылған Конституция – тұрақты дамудың негізі» тақырыбында сарапшылар форумы өтті.

Іс-шараның мақсаты – жаңартылған Конституция ережелерін жан-жақты сараптамалық талқылау, оны практикалық тұрғыда іске асыру бойынша кәсіби ұсыныстар әзірлеу және конституциялық реформаларды қолдауға бағытталған сарапшылар қауымдастығының ортақ ұстанымын қалыптастыру.

Форум аясында саясат, мемлекеттік басқару және білім беру салаларының мамандары, партия өкілдері мен ғылыми қауымдастық өкілдері сөз сөйледі. Қатысушылар конституциялық реформалардың елдің ұзақ мерзімді дамуына ықпалы, қоғамдық-саяси үдерістердегі рөлі және конституциялық нормаларды тиімді қолдану тетіктерін талқылады.

«Ауыл» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары Нұрхат Ораш өз сөзінде жаңа Конституция жобасы елдің ұзақ мерзімді даму бағдарларын айқындайтын стратегиялық құжат екенін атап өтті. Ол ұсынылып отырған өзгерістер қоғамның әділдікке деген сұранысын, билік жауапкершілігін арттыруды және мемлекеттің құқықтық негіздерін нығайтуды көрсететінін, сондай-ақ заманауи әрі тұрақты саяси жүйені қалыптастыруға бағытталғанын жеткізді.

Ұсынылып отырған реформалар ең алдымен халық мүддесін қорғауға, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға және жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлін күшейтуге бағытталған. Сонымен қатар олар елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына берік құқықтық негіз қалыптастырып, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға және неғұрлым жауапты әрі ашық басқару моделін орнықтыруға мүмкіндік береді

– деді Н. Ораш.

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Ауыл» партиясы фракциясы аппаратының жетекшісі Жазира Сұлтанқұлова «Ауыл» партиясы жаңа Конституция жобасын толық әрі сөзсіз қолдайтынын, оны елдің саяси және қоғамдық дамуы жолындағы аса маңызды қадам ретінде қарастыратынын атап өтті.

Еліміздің жаңа Негізгі заңының жобасы азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдардан және жетекші сарапшылардан түскен ұсыныстарды жан-жақты талдау негізінде, сондай-ақ ашық қоғамдық талқылаулардың нәтижелері мен жаңа нормалар мен ережелерді егжей-тегжейлі пысықтауды ескере отырып әзірленді

– деді Ж. Сұлтанқұлова.

Торайғыров университетінің Стратегиялық даму, халықаралық ынтымақтастық және цифрландыру жөніндегі Басқарма мүшесі – проректор Салтанат Аубакирова академиялық орта үшін құқықтық жаңғырумен қатар жастардың заңға құрметін және азаматтық жауапкершілігін қалыптастырудың маңызы зор екенін айтты. Оның пікірінше, жаңартылған конституциялық бағдарлар жоғары оқу орындарындағы білім беру және ағартушылық жұмысты күшейтуге, елдің жас буынын жасампаздық құндылықтарға бағыттауға мүмкіндік береді.

Саясаттанушы Борис Поломарчук ұсынылып отырған өзгерістер саяси жүйенің эволюциялық дамуын көрсететінін және билік институттарының ашықтығын арттыруға, қоғамның шешім қабылдау үдерістеріне қатысу аясын кеңейтуге бағытталғанын жеткізді. Ол мұндай қадамдар мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Сарапшы-саясаттанушы Еламан Елемес жаңартылған партиялық жүйеге көшу мен Парламенттің жаңа құрылымы елдің саяси мәдениетін жаңа деңгейге көтеретінін айтты. Сонымен қатар Негізгі заңға өзгерістерді тек жалпыхалықтық референдум арқылы енгізу нормасы мемлекеттің тұрақтылығының ең жоғары кепілі екені ерекше аталды.

Баяндамалардан кейін кәсіби пікір алмасуға және ұсыныстар әзірлеуге бағытталған сараптамалық талқылау сессиясы өтті. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар бірауыздан жаңа Конституция – қауіпсіз, таза әрі әділетті мемлекет құрудың берік іргетасын қалайтын стратегиялық таңдау деген тұжырымға келді.

Сарапшылар форумы мазмұнды ұсыныстар әзірлеуге, кәсіби диалогты дамытуға және мемлекеттің орнықты даму бағытын қолдауды нығайтуға ықпал еткен маңызды алаңға айналды.