25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Рубрика: Новости

В Кокшетау прошел спортивный фестиваль в рамках эстафеты «ROAD TO ASTANA 2027»

В Кокшетау прошел спортивный фестиваль в рамках эстафеты «ROAD TO ASTANA 2027»

Кокшетау принял второй этап национального проекта «ROAD TO ASTANA 2027», посвященного предстоящему чемпионату мира по настольному теннису. В спортивном комплексе «Kokshe Arena» представили официальный флаг мирового первенства и провели фестиваль для жителей и гостей города. На площадке фестиваля работали игровые и интерактивные зоны, фотозоны и ярмарка местных производителей. Региональные ремесленники и представители креативного сообщества представили изделия ручной работы и авторскую продукцию. Посетители смогли познакомиться с работами мастеров и принять участие в спортивных развлечениях. Главным событием стала торжественная церемония презентации официального флага Международной федерации настольного тенниса (ITTF). Его внесли Меруерт Тажимова, многократная чемпионка и призер республикан
🇧🇪Бельгиялықтар Королі Филипп қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, бұған дейін Тақ мұрагері ретінде Қазақстанға жасаған сапарларын еске алды

🇧🇪Бельгиялықтар Королі Филипп қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, бұған дейін Тақ мұрагері ретінде Қазақстанға жасаған сапарларын еске алды

– Сіздің басшылығыңызбен еліңіз дамудың даңғыл жолына түскеніне ерекше әсерлендік. Сапар кезінде танысу жоспарланған жасанды интеллект, энергетика, атом энергиясы салалары екі ел үшін өте маңызды. Ғалымдардың дөңгелек үстелдегі пікірталасына куә боламыз. Бізбен бірге университеттердің ректорларынан, компания өкілдерінен тұратын үлкен делегация келді, – деді Король Филипп. 🔹Сондай-ақ келіссөз барысында екі елдің ресми делегация мүшелері сөз сөйледі. 🔹Тараптар кездесу соңында көптеген бастама көтерілгеніне көңіл толатынын атап өтіп, іс жүзіндегі ынтымақтастықты одан әрі өрбітуге дайын екенін растады. 🇧🇪Король бельгийцев Филипп выразил благодарность Главе нашего государства за теплый прием и вспомнил свои предыдущие визиты в Казахстан в качестве Наследного принца – Мы все очень впечатлены раз
🇰🇿🇧🇪Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

🇰🇿🇧🇪Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

🔹Ақордада өткен келіссөз барысында Президент Қазақстан мен Орталық Азияға тарихта тұңғыш рет мемлекеттік сапармен келген Бельгиялықтар Короліне және Патшайымына ілтипат білдірді. – Осы тарихи сәтте Сіздермен жүздесіп, мемлекеттеріміз арасындағы берік достықты атап өту – мен үшін зор мәртебе. Аса мәртебелі Король Филипп, халқыңызға қалтқысыз қызметіңізді жоғары бағалаймыз. Cіз Корольдік билігіне келгелі еліңіз өркендеп, әлемдік аренадағы лайықты орнын бекіте түсті. Халқыңызға адалдығыңыз және Бельгияны мекендейтін түрлі қауымдар арасындағы өзара түсіністікті нығайту жолындағы табанды еңбегіңіз Тәждің ел бірлігін сақтаудағы рөлін айқындай түседі. Біз де «Бірлігіміз – әралуандықта» деген қағидатқа айрықша мән береміз. Әрбір азаматтың келешегімізге атсалысқанын қалаймыз. Көп жылдан бері кәсіпк
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Бельгияны Еуропадағы уақыт тезінен өткен сенімді серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Бельгияны Еуропадағы уақыт тезінен өткен сенімді серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті

– Келесі жылы мемлекеттеріміздің арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 35 жыл толады. Сапарыңыз осы айтулы меженің дайындығына тың серпін береді және ынтымақтастығымызды нақты нәтижелермен толықтыра түседі. Бельгия Қазақстанның жетекші сауда серіктестерінің қатарына кіреді. Сонымен қатар еліңіз Қазақстан экономикасына қаржы құйған ең ірі он инвестордың бірі саналады. Мұны Қазақстан экономикасының келешегіне деген сенімнің айқын көрінісі деп бағалаймын, – деді Президент. 🔹Мемлекет басшысы Қазақстан мен Бельгия арасында көлік-логистика, аса маңызды минералдар, жаңартылатын қуат көздері, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және жасанды интеллект салалары бойынша өзара ықпалдастықты кеңейтуге мол мүмкіндік бар екеніне назар аударды. – Сізбен бірге келген мемлекеттік органдардың, өңі
🇧🇪Король Филипп пен Патшайым Матильда қонақжайлығы және сый-құрметі үшін Қазақстан Президентіне шынайы ризашылығын білдірді

🇧🇪Король Филипп пен Патшайым Матильда қонақжайлығы және сый-құрметі үшін Қазақстан Президентіне шынайы ризашылығын білдірді

✔️Олар еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстарына және халықаралық аренадағы биік абырой-беделіне арнайы тоқталды. – Қазақстан – біз үшін қарқынды дамып келе жатқан өте маңызды ел. Жалпы, Бельгия тұтас Орталық Азия өңіріне айрықша қызығушылықпен қарайды. Бұл өңірдің мәні зор. Менімен бірге үлкен делегация келді. Әлбетте, біз бір-бірімізді өте жақсы білеміз. Елдеріміз 35 жыл ішінде жақсы қарым-қатынас орнатты. Біз осы тарихи межені бірге атап өтуге ниеттіміз. Сонымен қатар ынтымақтастығымызды жаңа сапалы деңгейге көтеретінімізге сенімдімін. Менімен бірге келген делегация құрамына келешекке бағдарланған түрлі саланың өкілдері кірді. Президент мырза, бізбен бірге жүру үшін жұмыс кестеңізді өзгерткеніңізді білемін. Осы ықыласыңызға тәнтіміз. Сондықтан алтын уақытыңызды бөліп, құрмет көрсетк
✍️ Глава государства подписал Указ о досрочном прекращении полномочий маслихатов всех уровней

✍️ Глава государства подписал Указ о досрочном прекращении полномочий маслихатов всех уровней

🔹Президент Касым-Жомарт Токаев после консультаций с Премьер-министром Олжасом Бектеновым и Председателем Курултая Айбеком Дадебаем, проведенных в соответствии с пунктом 5 статьи 88 Конституции Республики Казахстан, подписал Указ «О досрочном прекращении полномочий маслихатов всех уровней». 🔹Центральной избирательной комиссии поручено принять все меры по назначению, подготовке и проведению внеочередных выборов депутатов маслихатов всех уровней. 🔹Указ вступает в силу со дня опубликования. t.me/aqorda_resmi
Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

Қазақстан экономикасы соңғы жеті жылда айтарлықтай өзгерді. Елдің жалпы ішкі өнімі ұлғайып, жан басына шаққандағы табыс өсті. Шағын және орта бизнес экономиканың негізгі тіректерінің біріне айналды. Инвестиция көлемі артып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Ең бастысы, Қазақстан әлемдегі ең ірі 50 экономиканың қатарына енді. Осы өзгерістердің ауқымын нақты сандар арқылы бағалап көруге болады. Экономика көлемі 300 миллиард доллардан асты 2018 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 61,8 триллион теңге болатын. Ал 2025 жылдың қорытындысында бұл көрсеткіш 159,6 триллион теңгеге жетті. Яғни жеті жыл ішінде экономиканың номиналды көлемі 2,6 есеге ұлғайды. Доллармен есептегенде де өсім айтарлықтай. Қазақстан экономикасының көлемі 306 миллиард долларға жетіп, 2018 жылғы деңгейден 70,6 пайызға жоғары қалыпта
🇰🇿🇧🇪Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен шағын құрамда келіссөз жүргізді

🇰🇿🇧🇪Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен шағын құрамда келіссөз жүргізді

✔️Келіссөз барысында Президент Бельгиялықтар Королі мен Патшайымының Қазақстанға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары екіжақты серіктестіктің жаңа кезеңіне жол ашатын тарихи уақиға екенін атап өтті.   – Сізді Астанада қарсы алғаныма қуаныштымын. Бұл – мен үшін зор мәртебе. Тарихи сапарыңыз жұртшылықтың үлкен қызығушылығын тудырды. Қазақстанға келген делегация құрамына Үкімет пен аймақтық билік, іскерлік топтар, академиялық қауымдастық және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері енген. Сіз Тақ мұрагері ретінде Қазақстанға үш мәрте келген едіңіз. Елімізбен қарым-қатынасты дамыту жөніндегі ниетіңізді жоғары бағалаймыз. Сіздің қолдауыңызды әрдайым сезінеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.   ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияны Қазақстанның Еуропадағы уақыт сынынан өткен сенімді серіктесі деп санайтынын же
В Косшы прошел республиканский айтыс «Чистота — начало культуры»

В Косшы прошел республиканский айтыс «Чистота — начало культуры»

В городе Косшы состоялся республиканский айтыс акынов «Чистота — начало культуры», приуроченный к общенациональной инициативе «Таза Казахстан» и пятилетию города. Десять участников из разных регионов страны соревновались в поэтическом мастерстве, поднимая темы чистоты окружающей среды, ответственности за родной край и культуры общества. Главная идея состязания заключалась в том, что чистота начинается не только с порядка на улицах, но и с внутренней культуры человека, уважения к окружающим и бережного отношения к общему имуществу. Через импровизацию и меткие высказывания акыны призывали граждан заботиться о родной земле и осознавать личную ответственность за ее будущее. В казахской традиции айтыс служит не только формой творческого состязания, но и способом обсуждения актуальных общественн
✍️ Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды

✍️ Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды

🔹Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 5 тармағына сәйкес Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлыққа қол қойды.   🔹Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қабылдау тапсырылды. 🔹Жарлық жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. t.me/aqorda_resmi