25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Екі жылыту маусымында қазақстандықтардың үйлеріне 56 мыңнан астам датчик орнатылды

ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында «Жылыту маусымы: өрттердің негізгі себептері және олардың алдын алу шаралары» тақырыбында брифинг өтті. Спикер: ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Қайрақбаев Руслан Сламбекұлы.

Жылы беру маусымында өрт шығу қаупін азайту мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігі профилактикалық шараларды алдын ала бастады.

15 тамыздан бастап елімізде Республикалық өрт қауіпсіздігі профилактикалық акциясы өтуде. Акция шеңберінде үйлерді аралау, нұсқама беру халыққа атаулы көмек көрсетуді қамтитын іс-шаралар кешені өткізілуде. Азаматтарға жылу мен электр құралдарын пайдалану түсіндіріледі.

Жылу беру кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударылады. Бүгінгі таңда әлеуметтік осал топтағы азаматтар тұратын 96 мыңнан астам тұрғын үй есепте тұр, бұл тізім үйлерді аралау барысында түзетіліп отырады. Жылу және электр жүйелерін жарамды күйде ұстау, түтін мұржаларын тазарту және басқа да профилактикалық үгіт-насихат жұмыстар жүргізілуде.

Қазір әлеуметтік осал топтағы үйлердің бәрі қамтылған. Әкімдіктер мен еріктілердің көмегі арқылы 74,5 мың үй өртке қарсы жағдайға келтірілді. Профилактикалық жұмыс тек бір рет барумен шектелмейді. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып пайдалануды жалғастыратын тұрғын үйлерді қайта аралау жүзеге асырылады.

Газ және жану өнімдерінің қауіпті концентрациясы датчиктерін орнату тәжірибесі жалғасуда. Әкімдіктер мен еріктілердің көмегімен ағымдағы профилактикалық акция басталғаннан бері 5 мыңнаң астам датчик орнатылды. Өткен жылыту маусымы барысында тұрғын үйлерде 51 мыңнан астам датчиктер орнатылды.Осы тәжірибені енгізгеннен бері датчиктердің дабыл беруінің 68 жағдайы тіркелді, соның арқасында 290 адам улану мен өлімнен аман қалды.

Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйлерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Ата-ананың үйін тексер» республикалық акциясы іске қосылды. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды ата-аналарының тұрғын үйіне тексеру жүргізіп, электр жүйелеріндегі, жылыту пештеріндегі ақауларды жоюға, өрт датчиктерін орнатуға шақырады.

Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша біздің Министрліктің жергілікті атқарушы органдармен бірлескен профилактикалық жұмысы арқасында тұрғын үй секторында өрттің (-16%, 3359/3983), сондай-ақ қаза тапқандар (-3,3%, 175/181) мен жарақат алғандар (-28%, 125/173) саны азайған.

Тұрғын үйдегі өрттердің негізгі себептері электр құрылғыларын орнату және пайдалану ережелерін бұзу (шамамен 40%), пешті жылыту және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (20-25%), сондай-ақ отты абайсыз қолдану (18-20%) болып табылады.

Министрлік профилактикалық жұмысты маусым бойы жалғастырады және барлық азаматты жауапкершілік танытып, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1308232?lang=kk