29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

АСТАНАДА RESPUBLICA ПАРТИЯСЫНЫҢ V КЕЗЕКТЕН ТЫС СЪЕЗІ ӨТЕДІ

Іс-шараға партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, партияның тең төрағалары, Орталық кеңес пен өңірлік кеңестер мүшелері, өңірлік филиалдардың төрағалары, сондай-ақ ReJastary және ReWomen қауымдастықтарының белсенділері қатысады.
Съезд барысында партия қызметіне қатысты ұйымдастырушылық мәселелер, 3 жыл ішінде атқарылған жұмыс қорытындысы қаралады.
Өтетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 4 шілде, сағат 11:00.
Өтетін орны: Астана қаласы, SAAD Hotel Astana (Достық көшесі, 2, 3-қабат, Grand Ballroom залы).
Съездің өткізілу форматы: аралас (офлайн және онлайн).
БАҚ өкілдерін аккредиттеу
БАҚ өкілдерін аккредиттеу бойынша өтінімдерді Respublica партиясының баспасөз қызметі 2026 жылғы 3 шілде күні сағат 12:00-ге дейін қабылдайды.
Журналистерді аккредиттеу үшін байланыс телефоны: +7 778 461 25 68, Айнұр Нұрманғалиева.
БАҚ өкілдері съезге аккредиттеу тізімі бойынша және қызметтік куәлігін көрсеткен жағдайда ғана кіргізіледі.