29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы: «Алтын Орданың тарихын тек әскери-саяси тұрғыдан бағалаудан аулақ болып, оның рөлін жаңаша пайымдау керек»

«Әрине, мен ұсынған зерттеу бағыттарымен шектеліп қалуға болмайды.

Мен сіздер секілді көне дәуірді зерттеп жүрген тарихшы-ғалым емеспін.

Қазіргі таңда Алтын Орданың тарихын тек әскери-саяси тұрғыдан бағалаудан аулақ болып, оның рөлін жаңаша пайымдау керек.

Бұл – осы бағыттағы ізденістердің аясын кеңейтуге септігін тигізетін бағдар ғана.

Жошы Ұлысының мол зияткерлік және рухани дәстүрі, тиімді басқару институттары мен дамыған экономикасы болды. Осы алып өркениеттің қыр-сырын толық ашу маңызды.

Бұл өткенді ғылыми тұрғыдан қайта зерделеу, сондай-ақ, Орталық Еуразия халықтарының мемлекеттілік бастауын, бірегейлігін және ортақ тарихын терең түсіну үшін қажет».