29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Воскресенье, 21 июля

Ұлыбритания Парламентінің мүшесі сайлаудың ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады

Елордадағы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингіде Ұлыбритания Парламентінің мүшесі Даниэль Кавчински сайлаудың ұйымдастырылу деңгейіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Біз Қазақстандағы демократиялық өзгерістерді бақылап отырамыз. Алдағы уақытта біз заң үстемдігі, адам құқығы бағыттарында серіктестікте жұмыс істегіміз келеді. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, қысқа уақыт ішінде демократияны қалыптастары білген Қазақстан халқына алғыс білдіргім келеді

— деп мәлім етті ол.

Сонымен қатар, Даниэль Кавчински сайлау процесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Біріншіден, сайлау жексенбі күні болып жатыр. Ал бізде сайлау үнемі бейсенбі күні өтеді. Ал ол жұмыс күні, сондықтан көбінің қолы босамай жатады. Ал, сіздерде демалыс күні өтеді және адамдарда сайлауға қатысуға мүмкіндік болады. Біз 10-нан астам сайлау учаскесінде болдық. Ол жерлерде дәрігерлерді көрдік. Бұл әсіресе, учаскелерге келетін егде жастағы азаматтарға өте қажет деп есептеймін. Менің ойымша, бұл сайлаудың өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын білдіреді. Мен өзімнің елімінің үкіметіне де осы шаралар туралы айтамын. Себебі мұндай бізге де керек. Бұған қоса, сайлау учаскелерінде музыка ойнап тұрды. Ол маған қатты ұнады. Бізің еліміздегі сайлау учаскелерінде барлығы ресми өтеді, кшкім күле бермейді. Ал Қазақстанда сайлау ерекше жеңіл аурада өтіп жатыр. Мен өзімнің байқау миссиямда Қазақстаннан көп нәрсені үйреніп жатырмын және біз үлгі аламыз

— деп түйіндеді Даниэль Кавчински.

Бұрын хабарлағанымыздай, бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр.