29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Воскресенье, 8 февраля

@qazaqparat_kz

Ләззат Қалтаева: Жаңа Конституция мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғауды күшейтеді

— Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы Ләззат Қалтаева жаңа Конституция жобасы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығы мен тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталғанын мәлімдеді.

— Қазақстан Республикасының Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары туралы конвенциядан туындайтын халықаралық міндеттемелері жаңа Конституция қабылданған жағдайда да толық көлемде сақталады, — деді сенатор.