Акмолинский филиал Национального Банка Казахстана напоминает, что с 1 января 2020 года по вопросам нарушения прав и законных интересов потребителей финансовых услуг необходимо обращаться в Агентство РК по регулированию и развитию финансового рынка (АРРФР).
Указ о реорганизации Национального Банка путем выделения из него АРРФР «О дальнейшем совершенствовании системы государственного управления Республики Казахстан» был подписан Президентом Казахстана Касым-Жомартом Токаевым 11 ноября 2019 года.
Агентство является государственным органом, который обеспечивает надлежащий уровень защиты прав и законных интересов потребителей финансовых услуг, содействует обеспечению стабильности финансовой системы и развитию финансового рынка, осуществляет государственное регулирование, контроль и надзор финансового рынка и финансовых организаций, а также иных лиц в пределах компетенции.
Задачи АРРФР:
1) регулирование и развитие финансового рынка, в том числе установление стандартов деятельности финансовых организаций, создание стимулов для улучшения корпоративного управления финансовых организаций;
2) мониторинг финансового рынка и финансовых организаций в целях сохранения устойчивости финансовой системы;
3) сосредоточение ресурсов надзора на областях финансового рынка, наиболее подверженных рискам, с целью поддержания финансовой стабильности;
4) обеспечение надлежащего уровня защиты интересов потребителей финансовых услуг, полноты и доступности информации для потребителей о деятельности финансовых организаций и оказываемых ими финансовых услугах, а также повышения уровня финансовой грамотности и финансовой доступности для населения;
5) иные задачи в соответствии с Законом РК «О государственном регулировании, контроле и надзоре финансового рынка и финансовых организаций», другими законами РК и актами Президента РК.
Напоминаем, что по вопросам нарушения прав и законных интересов потребителей финансовых услуг и другим вопросам, входящим в компетенцию Агентства, следует обращаться в Управление региональных представителей Агентства в городе Кокшетау по адресу г. Кокшетау, ул. Ауэзова 214, телефон: 8 7162 72-21-40, либо непосредственно в Агентство, г. Алматы, микрорайон «Коктем-3», дом 21.
________________________________________
Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақмола филиалы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу мәселелері бойынша ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіну қажет екенін еске салады.
Ұлттық Банкті одан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастыру туралы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлыққа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 11 қарашада қол қойды.
Агенттік қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қаржы нарығын дамытуға жәрдемдесетін, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғалардың мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің міндеттері:
1) қаржы нарығын реттеу және дамыту, оның ішінде қаржы ұйымдары қызметінің стандарттарын белгілеу, қаржы ұйымдарын корпоративтік басқаруды жақсарту үшін ынталандыру жасау;
2) қаржы жүйесінің орнықтылығын сақтау мақсатында қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мониторингтеу;
3) қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы нарығының тәуекелдерге барынша ұшырағыш салаларына қадағалау ресурстарын шоғырландыру;
4) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығын және қолжетімділігін, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін және ол үшін қаржылық қолжетімділікті арттыруды қамтамасыз ету;
5) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттер.
Естеріңізге сала кетейік, қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу мәселелері бойынша және Агенттіктің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша Көкшетау қаласындағы Агенттіктің өңірлік өкілдер басқармасына Көкшетау қаласы, М. Әуезов көшесі, 214 үй, телефоны: 8 7162 72-21-40 мекенжайы бойынша немесе тікелей Агенттікке, мекенжайы Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй. хабарласу қажет.

