29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Пресс-служба Казахстанского института общественного развития Kipd.kz

Конституцияның жаңа жобасындағы отбасы және неке нормалары талқыланды. Обсуждены нормы о браке и семье в новом проекте Конституции

Сегодня, 6 февраля, в Астане состоялось заседание экспертного клуба «SARAP» на тему: «Семья в условиях перемен: конституционные ответы на социальную трансформацию». Мероприятие организовано Казахстанским институтом общественного развития при поддержке Министерства культуры и информации РК.

В обсуждении приняли участие члены Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте РК, представители академического сообщества, неправительственных организаций, а также представители Центра поддержки семьи города Астаны и профильные эксперты.

В ходе заседания рассматривался проект новой Конституции Республики Казахстан, в том числе статья 30, регулирующая вопросы брака, семьи, материнства, отцовства и детства. Обсуждение велось в контексте социальных изменений и данных социологических и демографических исследований, отражающих трансформацию семейных и родственных отношений в современном казахстанском обществе.

Модератором заседания выступила председатель Казахстанского института общественного развития Жулдызай Искакова. Она отметила, что включение в проект новой Конституции нормы, направленной на регулирование семейных и брачных отношений, позволит определить правовой статус института брака и сформировать новые ценностные ориентиры в сфере семьи в условиях социальных изменений.

Руководитель Центра исследований в сфере семейной и гендерной политики Ақнұр Иманқұл в своем докладе представила социологический портрет казахстанской семьи.

Институт казахстанской семьи не ослабевает, а трансформируется, формируя устойчивый запрос на гибкую, адресную и сбалансированную семейную политику, основанную на сочетании традиционных ценностей, принципов гендерного равенства и эффективных социально-экономических мер поддержки

Доктор социальных наук, главный научный сотрудник КИСИ Айгуль Забирова отметила, что в настоящее время институт семьи усложняется под влиянием социальных процессов.

Если ранее общественное развитие определялось такими факторами, как урбанизация, индустриализация, массовое образование и демократизация, то сегодня возникает необходимость переосмысления направлений трансформации семьи и правового определения брака. В этом контексте норма статьи 30 проекта новой Конституции, закрепляющая брак как добровольный союз мужчины и женщины, обеспечивает правовую определенность и соответствует актуальным общественным запросам

– отметила она.

Национальный эксперт-демограф Аяулым Сагынбаева подчеркнула важность рождения детей в браке, поскольку это обеспечивает их защищенность. Кроме того, по её мнению, нормы о семье не должны сосредотачиваться только на мужчинах и женщинах, а главным приоритетом должны быть права и благополучие детей.

В рамках заседания также обсуждались вопросы, связанные с трансформацией института семьи, ролью государства в формировании и реализации семейной политики, а также соотношением конституционного регулирования и социальных практик. Отдельное внимание было уделено использованию эмпирических данных при анализе конституционных норм, затрагивающих социально значимые институты.

Наше сообщество в Вконтакте. Подпишись, чтобы быть в курсе новостей!

Бүгін, 6 ақпан күні, Астана қаласында «SARAP» эксперттік клубының «Өзгерістер кезеңіндегі отбасы: әлеуметтік трансформацияға Конституция тұрғысынан жауап» атты отырысы өтті. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды.

Талқыға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшелері, академиялық қауымдастық өкілдері мен сарапшылар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен Астана қаласындағы Отбасын қолдау орталығының өкілдері қатысты.

Жиын қатысушылары жаңа Конституция жобасына, оның ішінде неке, отбасы, ана, әке және бала мәселелерін реттейтін 30-бапқа қатысты ойын ортаға салды. Сарапшылар тақырыпты Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік өзгерістер мен отбасы және туыстық қатынастардың трансформациясын көрсететін әлеуметтанулық зерттеулер негізінде талқылады.

Іс-шараға Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова модератор болды. Ол жаңа Конституция жобасына отбасы және неке қарым-қатынастарын реттеуге бағытталған жаңа норманы енгізу неке институтының құқықтық мәртебесін анықтап, әлеуметтік өзгерістер жағдайындағы Қазақстан отбасына жаңа құндылық бағдарын белгілеуге септігін тигізетінін атап өтті.

ҚҚДИ Отбасы және гендерлік саясат саласындағы зерттеулер орталығының басшысы Ақнұр Иманқұл Қазақстан отбасыларының әлеуметтанулық портреті туралы баяндама жасады.

Қазақстанның отбасы институты дағдарыста емес, керісінше, әлеуметтік өзгеріс жағдайларына бейімделіп келеді. Бұл құндылық бағдарларын, гендерлік сезімталдықты және әлеуметтік-экономикалық қолдау тетіктерін ұштастыратын икемді, мақсатты әрі теңгерімді отбасы саясатын талап етеді

– деді сарапшы.

Әлеуметтану ғылымдарының докторы, ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Айгүл Забирова қазіргі уақытта отбасы институты әлеуметтік үдерістердің ықпалымен күрделене түскенін атап өтті.

Бұрын қоғамдық дамудың негізгі бағдарлары урбанизация, индустрияландыру, жаппай білім беру және демократияландыру үдерістерімен айқындалса, бүгінде отбасының трансформация бағыттарын және некенің құқықтық анықтамасын қайта пайымдау қажеттігі туындап отыр. Осы тұрғыда жаңа Конституция жобасының 30-бабында некенің ер мен әйел арасындағы ерікті одақ ретінде бекітілуі құқықтық айқындықты қамтамасыз етіп, қазіргі қоғамдық сұраныстарға сай келеді

– деді сарапшы.

Ұлттық эксперт – демограф Аяулым Сағынбаева балалардың ата-анасының некеде болуы маңызды екенін әрі бұл балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін атап өтті. Сарапшының пікірінше, отбасы туралы нормалар ер мен әйелге ғана емес, ең бастысы, балалардың құқықтары мен әл-ауқатына бағытталуға тиіс.

Сондай-ақ іс-шара барысында отбасы институтының трансформациясы, мемлекеттің отбасы саясатын қалыптастыру мен іске асырудағы рөлі және конституциялық реттеу мен әлеуметтік практикалардың арақатынасына қатысты мәселелер қозғалды. Қатысушылар әлеуметтік маңызы бар институттарға қатысты конституциялық нормаларды талдағанда, эмпирикалық деректерді пайдалану маңызды екенін де ерекше атап өтті.