29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Понедельник, 15 июня

Көкшетауда жастар арасында тәуелділіктің алдын алу бойынша кездесу өтті

Көкшетауда жас спортшылар арасында тәуелділіктің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында интерактивті кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты №7 облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтің балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өтті. Кездесудің спикері сарапшы Баян Мусина болды.

Кездесу барысында жастарға есірткі құралдарын қолдану мен таратудың құқықтық жауапкершілігі, темекі өнімдері мен кальянның адам денсаулығына тигізетін зияны, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтының маңызы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар спорттың зиянды әдеттердің алдын алудағы және тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал етудегі рөлі талқыланды.

Ашық диалог форматында өткен іс-шарада жас спортшылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Қатысушылар денсаулықты сақтау, жауапты мінез-құлық қалыптастыру және зиянды әдеттерден аулақ болу мәселелерін талқылады.

Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға және тәуелділіктің алдын алуға бағытталған маңызды шаралардың бірі екенін атап өтті.

Іс-шара «Jana Kezen» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ақмола облысы жастары арасында тәуелділіктің алдын алу бойынша білім беру және ақпараттық-ағартушылық іс-шаралар» әлеуметтік жобасы аясында өткізілді.

Наше сообщество в Вконтакте. Подпишись, чтобы быть в курсе новостей!