Алматының №301 сайлау учаскесінде ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, кинодраматург Смағұл Елубай өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Смағұл Елубайдың айтуынша, бүгінгі сайлау ел тағдыры үшін өте маңызды.
Бүгін біз Қазақстанды жеті жыл басқаратын президентті өз қолымызбен сайлап жатырмыз. Бұл шынтуайтына келгенде, тек қана келесі жеті жылдың тағдырын шешпейді. Қазақстанның жалпы бұдан кейінгі тағдырын шешуі әбден мүмкін
— деді жазушы.