29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Понедельник, 14 октября

Пресс-служба театра «Астана Опера»

«Каждый исполнитель должен чувствовать себя важным звеном в общем музыкальном процессе»

Дебют дирижера «Астана Опера» Элмара Бурибаева состоится в балете Л. Минкуса «Дон Кихот» 13 и 14 апреля. Зрителей ждут два незабываемых вечера, наполненных великолепной музыкой, страстью, романтикой и приключениями. Под руководством молодого маэстро эта классическая история о любви и подвигах обретет новые краски.  

Продолжатель известной музыкальной династии – Элмар Бурибаев – талантливый дирижер, который демонстрирует высокий профессионализм и мастерство. Только за последний год он стал дирижером-постановщиком эксклюзивного балета «Маленькая смерть» Иржи Килиана, оперы «Кот в сапогах» Цезаря Кюи, осуществил дирижерский дебют в опере «Дон Паскуале» Гаэтано Доницетти. Дирижирует не только спектаклями «Шопениана», «Шехеразада», «Сильфида», но и гала-операми и гала-балетами, а это, как известно, задача повышенной сложности, требующая особой внимательности и изучения огромного объема материала. И совсем скоро молодой маэстро встанет за дирижерский пульт с балетом «Дон Кихот» Л. Минкуса.

— Как вы подготовились к дебюту, и какие аспекты музыкальной части балета были для вас особенно интересны?

— «Дон Кихот» — это классика мирового балетного репертуара, этому спектаклю более ста лет. Л. Минкус – великий композитор, дирижер, великолепный скрипач, наверное, поэтому так ярко писал музыку для струнной группы инструментов, а также был талантливым педагогом. Вместе с тем, он занял большую нишу именно в балетной музыке, к слову сказать, очень удобно писал для танца. Музыка к этому балету отличается своей яркостью, позитивом, и я уделил особое внимание изучению партий всех инструментов оркестра, чтобы полностью погрузиться в настроение произведения. Особенно меня привлекла возможность передать через музыку разнообразные эмоциональные состояния персонажей и драматические повороты сюжета.

— А может ли музыкальная интерпретация влиять на восприятие балета зрителями?

— Да, конечно, музыкальная интерпретация имеет огромное значение для восприятия оперы или балета зрителями. Она может подчеркнуть эмоциональную глубину и драматизм или комизм сюжета, создавая неповторимую атмосферу и захватывая аудиторию.

— Есть ли у вас подход к сотрудничеству одновременно с хореографом, артистами балета и музыкантами оркестра для создания единого гармоничного выступления?

 Если мне предстоит дирижировать балетом, то я всегда вначале направляюсь в балетный класс, чтобы ознакомиться и понять тонкости хореографического текста, и даже выучить его. Мне обязательно также нужно знать, кто будет исполнять главные партии, чтобы почувствовать темп солистов, это также касается и работы кордебалета в массовых сценах. Затем в процессе становится понятно, на ком из них сделан акцент хореографом-постановщиком. И только потом я могу приступать к подготовке артистов оркестра. Здесь я стремлюсь, чтобы моя интерпретация была не только музыкально осмысленной, и в то же время оставалась удобной для артистов балета, с которыми я провел много времени в классе, поняв все особенности. Поэтому это многоэтапный процесс, требующий общего труда, постоянной коммуникации, взаимодействия и обмена идеями, мнениями. Еще, думаю, что для единого гармоничного выступления необходимо организовать все таким образом, чтобы каждый исполнитель чувствовал себя важным звеном в общем музыкальном процессе.

— Вы осуществили большой пласт работы в «Астана Опера» в сравнительно небольшой период времени, какие были  самые памятные моменты за это время?

 Каждый мой новый спектакль в «Астана Опера» — это колоссальный опыт для меня, как для дирижера, это этап, к которому я подхожу с большой ответственностью. Также понимаю, что расту профессионально, буквально каждый день узнаю что-то новое, это касается мануальной и художественной техник дирижирования. Поэтому воспринимаю новые проекты, как некий вызов двигаться вперед. В какой-то степени «Астана Опера» исполнил одну мою студенческую мечту – здесь состоялся мой дирижерский дебют в «Шехеразаде» на музыку Н.А. Римского-Корсакова. Правда, я не думал, что это будет именно балет, а не симфоническая сюита. Этим произведением я мечтал продирижировать наравне с «Симфоническими танцами» С. Рахманинова. Впереди еще очень много того, к чему я стремлюсь, что хотел бы реализовать, поэтому я продолжу усердно работать, перенимать опыт коллег, чтобы приносить радость и вдохновение нашим дорогим зрителям, с которыми жду скорой встречи на спектакле «Дон Кихот».

Наша страница в Фейсбук! Подпишись!

13-14 сәуірде Л.Минкустың «Дон Кихот» балетінде «Астана Опера» дирижері Элмар Бөрібаевтың дебюті болады. Көрермендерді керемет музыка, құштарлық, романтика мен шытырманға толы екі ұмытылмас кеш күтеді. Махаббат пен ерлік жайлы бұл классикалық хикая жас маэстроның жетекшілігімен жаңа бояуларға ие болады.

Әйгілі музыкалық әулеттің ізбасары – Элмар Бөрібаев – жоғары кәсібилігі мен шеберлігін паш етіп келе жатқан дарынды дирижер. Соңғы жылдың өзінде ол Иржи Килианның «Кіші өлім» бірегей балетінің, Цезарь Кюидің «Етік киген мысық» операсының қоюшы дирижері атанып, Гаэтано Доницеттидің «Дон Паскуале» операсында дирижерлік дебютін жүзеге асырды. Ол «Шопениана», «Шехеразада», «Сильфида» спектакльдеріне ғана емес, сонымен қатар гала-опералар мен гала-балеттерге де дирижерлік етеді. Ал бұл көпшілік білетіндей, айрықша ыждаһаттылық пен ауқымды материалды зерттеуді талап ететін аса күрделі міндет. Енді жуырда жас маэстро Л.Минкустың «Дон Кихот» балетімен дирижер тұғырына көтеріледі.

— Дебютке қалай дайындалдыңыз және балеттің музыкалық бөлігінің қандай аспектілері сізге ерекше қызықты болды?

— «Дон Кихот» — бұл әлемдік балет репертуарының классикасы, бұл спектакльдің пайда болғанына жүз жылдан асты. Л.Минкус – атақты композитор, дирижер, дарынды ұстаз, керемет скрипкашы, оның ішекті аспаптар тобына жарқын күйлер шығаруы сондықтан болар. Мұнымен қоса, ол осы балет музыкасында ойып тұрып орын алды. Оның биге арналған музыканы өте келісті жазғанын айта кетуіміз керек. Бұл балетке арналған музыка өзінің көркемдігімен, жайдарлылығымен ерекшеленеді, сондықтан туындының көңіл күйіне толық ену үшін мен оркестрдің барлық аспаптарының партияларын меңгеруге айрықша көңіл бөлдім. Кейіпкерлердің сан алуан эмоционалдық күйлері мен сюжеттің драмалық бетбұрысын музыка арқылы жеткізу мүмкіндігі мені ерекше қызықтырды.

Музыкалық интерпретация көрермендердің балетті қабылдауына әсер ете ала ма?

— Иә, әрине, көрермендердің опера немесе балетті қабылдауында музыкалық интерпретацияның маңызы зор. Ол қайталанбас атмосфера жасап әрі аудиторияны қызықтыра отырып, сюжеттің эмоционалдық тереңдігін, драмалылығын немесе әзіл-сықақтығын айшықтайды.

— Біртұтас үйлесімді өнер көрсету жасау үшін бір уақытта хореографпен, әртістермен және оркестр музыканттарымен әріптестікті қалай бастайсыз?

Егер маған балетке дирижерлік ету керек болса, мен әрқашан хореографиялық мәтіннің қыр-сырымен танысып, оны түсіну үшін, тіпті оны жаттап алу үшін алдымен балет класына барамын. Сондай-ақ мен солистердің қарқынын сезінуім үшін міндетті түрде басты партияларды кімдердің орындайтынын білуім керек, бұл жалпы сахналардағы кордебалеттің жұмысына да қатысты. Әрі қарай жұмыс барысында қоюшы хореографтың кімге басымдық бергені түсінікті бола бастайды. Содан кейін ғана мен оркестр әртістерінің дайындығына кірісе аламын. Бұл жерде мен өзімнің интерпретациямды музыкалық жағынан тиянақты ету үшін ғана тырыспаймын, сонымен қатар барлық ерекшеліктерді түсіне отырып, оны дайындықта көп уақытымды бірге өткізген балет әртістері үшін түсінікті еткім келеді. Сондықтан бұл ортақ еңбекті, тұрақты байланысты, өзара әрекет пен ой-пікір бөлісуді талап ететін көп сатылы процесс. Бірыңғай үйлесімді өнер көрсету үшін барлығын әрбір орындаушы өзін жалпы музыкалық процестің маңызды буыны ретінде сезінетіндей етіп ұйымдастыру қажет деп ойлаймын.

— Айтарлықтай аз уақыттың ішінде сіз «Астана Операда» үлкен жұмыс атқардыңыз, осы кезең ішінде болған ең көп есте қаларлық сәттер қандай?

«Астана Операдағы» әрбір жаңа спектаклім – дирижер ретінде мен үшін зор тәжірибе, бұл кезеңге жауапкершілікпен қараймын. Сондай-ақ мен кәсіби тұрғыда жетіліп жатқанымды түсінемін, күн сайын дирижерлеудің мануалды және көркемдік тәсілдері бойынша жаңа нәрсені білемін. Сондықтан жаңа жобаларды алға қадам басуға талпыныс ретінде қабылдаймын. «Астана Опера» менің студент кезімдегі бір арманымды орындады десем болады, мұнда Н.А.Римский-Корсаковтың музыкасына «Шехеразада» балетінде дирижерлік дебютім орын алды. Шынымды айтсам, бұл симфониялық сюита емес, балет болады деп ойлаған жоқ едім. Мен бұл туындыға С.Рахманиновтың «Симфониялық билерімен» бірдей дирижерлік етуді армандадым. Алда бағындырар белестерім, іске асырғым келетін жобаларым өте көп, сондықтан қымбатты көрермендерімізге қуаныш пен шабыт сыйлау үшін тынбай еңбек етуді, әріптестерімнен тәжірибе алуды жалғастыра беремін. Жақында патша көңілді көрермендерімізді «Дон Кихот» спектаклінде күтеміз.