Бүгін Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сайлауалды штабтары үшін оқыту семинар болып өтті,деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Семинарға 20 қараша Қазақстанның Президенттігіне кандидаттардың өкілдері қатысты. Күні кеше 18:00 ден бастап кандидаттардың штабтары өз жұмыстарын бастаған. Отырыс барысында кандидаттардың үгіт-насихат жүргізу үшін мемлекеттен қанша ақша бөлінеді,қандай талаптар бар екені сөз болды.
Орталық Сайлау комиссиясының 28 қыркүйекте қабылданған қаулысымен кандидаттардың сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары үшін шығыс сайлаулды бағдарламамен БАҚ-да сөж сөйлеу- 9 012 600 теңгені, кездесулер мен аггитациялық материалдар үшін -800 мың теңге, жол жүру шығындары- 500 мың теңгені құрайды. Сайлау қорларына заңды жолмен алынған қаражат қана берiледi. Сайлау комиссиясының қорындағы ақша 6 бағыт бойынша жұмсалады.
1. Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу
2. Сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары(дебаттар, кездесулер т.б.)
3. Аудио-визуалды үгіт насихат материалдарын таратуға, шығаруға
4. Үгіт-насихат жүргізу барысында заңды және жеке тұлғалық қызметтерге
5. Кандидаттың жол жүру, үй-жайды жалға алуға, iссапар шығыстарына мамандарға еңбек ақы төлеуге;
6. Сайлау компаниясының тегін тарату үшін үгіт-насихат құралдары (значок,футболка т.б.)
Сайлау комиссиясының қорынан жұмсалған әрбір ақша үшін кемінде айына екі рет есеп тапсырылады.
Кандидаттың
— деді Сабина Мұстафина.