29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Воскресенье, 28 апреля

Ержан Мунбаев

Кіші сержант. Теміртау қаласы 5516 әскери бөлімі

Ел намысын Бүкіләлемдік әскери ойындарда қорғаған Теміртаулық әскери қызметші

29 қарашадан бастап Әзербайжанның астанасы Баку қаласында 36-шы Бүкіләлемдік әскери ойындары өтуде.

Бұл әскери ойындарда Қазақстан Республикасының намысын Теміртау қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5516 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Оспанов Адиль еркін күрес спорт түрінен қорғады. Әскери қызметшіміз 65 килограмм салмаққа дейінгі дәрежеде өнер көрсетті. Бұл салмақта әлемнің 20 мықты әскери қызметшілері күштерін сынастырды.

Қарсылас шақ келтірмей тек біреуінен есе жіберген қатардағы жауынгеріміз Оспанов Адиль Алжирлік Кербачи Абдульхакты 10:0 ұпаймен жеңіп 3 орынды иеленді. Жауынгеріміз ендігі кезекте жаттығуын жалғастырып келер жылда Бішкекте өтетін жарысқа қатысып Олимпиадаға лицензия алуға талпынады. Әскери қызметшімізге тек жеңіс тілейміз.

Подписывайся на наш Телеграм-канал! Будь в курсе новостей!