Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуі ұлттық білім беру жүйесін дамытудың жаңа кезеңін айқындап, алғаш рет білім алушылардың негізгі құқықтарын мемлекеттің ең жоғары құқықтық деңгейінде бекітті.
Жаңа Ата Заң өскелең ұрпаққа қамқорлық жасауды мемлекеттің басым міндеттерінің бірі ретінде айқындап, оны тікелей әрі мызғымас конституциялық кепілдіктермен бекітеді. Конституцияның Кіріспесінде адами капиталды дамыту, білім беру, ғылым және инновациялар елдің стратегиялық басым бағыттары ретінде белгіленген.
Сонымен қатар Конституцияның 33-бабына сәйкес азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында орта білімді тегін алу құқығына кепілдік беріледі.
Конституциядағы маңызды жаңашылдықтардың бірі білім беру сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Аталған баптың 4-тармағына сәйк







