Ақмола облысында жазғы лагерьде демалып жатқан 100-ден астам баламен «Қауіпсіз демалыс» профилактикалық акциясы болып өтті
"Звездный" балалар сауықтыру лагерінде демалып жатқан балалармен полицейлердің кездесуі жарқын, көңілді, ең бастысы - пайдалы өтті. Бурабай лагері жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген балаларды қабылдайды.
"Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру шеңберінде полиция қызметкерлері балаларға қауіпсіздік шараларын, құқықтық жауапкершілікті және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын еске салу мақсатымен мекемеге барды. Ұйымдастырушылар дәстүрлі дәрістердің орынына кездесуді ашық диалог түрінде өткізді, онда әр бала қызықтырған сұрақтарын қойды.
Іс-шараны есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Разия Курсанова ашты. Ол балаларға кәмелетке толмағандар мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған өңірде жүргізіліп жатқ










