Жаңа Конституция жобасы талқыланды
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған мазмұнды жиын өтті. Басқосуға Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов төрағалық етті.
Жиынға еліміздің белгілі қаламгерлері мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері қатысты. Атап айтқанда, талқылауға Жанарбек Әшімжан, Айдос Сарым және Анар Фазылжан қатысып, жаңа Конституция жобасының тұжырымдамалық негіздері мен оның қоғамдық маңызы жөнінде өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Кездесудің басты мақсаты – ел тағдырын айқындайтын маңызды құқықтық құжатқа қатысты шығармашылық зиялы қауымның ұстанымын жүйелеп, қоға










