Жаңа Конституцияны 30 жыл бұрынғыдай 12 адам емес, 130 адам әзірлеп жатыр – Ерлан Қарин
Мемлекеттік кеңесші «Дамушы елдердің тексерілген, уақыт сынынан өткен Конституциясын неге көшіріп ала салмаймыз?» деген сұрақтың жиі қойылғанын атап өтті.
– Біріншіден, Конституция әр елдің өз болмысына сай қалыптасады. Ал мемлекеттердің тарихы, мәдениеті, тілі, саяси жүйесі, бүгіні мен болашағы бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Сондықтан, Германияда, Францияда, Жапонияда немесе АҚШ-та жұмыс істейін нормалар Қазақстанға мүлдем келмейді. Аталған елдер де Конституцияны бір-бірінен көшіріп отырған жоқ қой. Мәдениеті, экономикасы, саяси жүйесі ұқсас мемлекеттердің өзі Конституцияны бір-бірінен көшірмейді. Ендеше мәдениеті, салты, қоғамы бөлек Қазақстан неге көшіруі керек, – деді Е. Қарин елордада Конституциялық сот ғимаратында.
🔹Оның айтуынша, өзге елдерде мәдениетіміз бен құндылықтарымызға м










