Домбыра, жыр және цифрлық технологиялар: Астанада «Асыл мұра» ауқымды концерті өтеді
5 шілде күні Ұлттық домбыра күні аясында Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында сағат 17:00-де «Асыл мұра» концерті өтеді. Елорда күні қарсаңында ұйымдастырылатын бұл мәдени жоба биыл бесінші рет өткізілмек, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Асыл мұра» – ұлттық өнердің тарихи-мәдени құндылығын, өңірлік орындаушылық мектептердің сабақтастығын және домбыра мұрасының қазіргі мәдени кеңістіктегі маңызын көрсетуге бағытталған.
Іс-шараның мақсаты – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі музыка өнерін дәріптеу, сирек орындалатын шығармаларды жаңғыртып, ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
Концерт барысында қазақтың дәстүрлі әншілік және күйшілік өнерінің Арқа, Сыр, Жетісу, Алтай-Тарбағатай және Батыс мектептері кеңінен таныстырылып, бес орындаушылық мектептің ерек










