29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

ФСМС

Более половины пациентов отзывают свои жалобы на «приписки»

После публикации статьи о 52 тысячах приписок за 2022 год в Фонд соцмедстрахования стали массово поступать заявления от граждан о том, что им были приписаны фиктивные медицинские услуги.

Так, за 7 дней было принято порядка 1200 сообщений о приписках. К сравнению, за весь 2022 год было зарегистрировано не более 80 подобных заявлений.

Фонд выражает благодарность пациентам за проявление активной гражданской позиции и внесение вклада в борьбу с приписками.

Однако, при проведении проактивного мониторинга по поступившим заявлениям экспертами Фонда было отмечено, что более половины обращений (730 обращений) была отозвана самими заявителями. При выяснении причин граждане мотивировали отзыв тем, что им поступали настоятельные просьбы об этом со стороны медицинских организаций.

Фонд соцмедстрахования призывает граждан сообщать о приписках и не идти на поводу у недобросовестных медорганизаций. Если после официального обращения в Фонд касательно приписки, вам затем звонят из медицинской организации и просят отозвать обращение, ни в коем случае не делайте этого!

Таким образом вы способствуете правонарушению и невольно становитесь участником этого процесса. Проявите нулевую терпимость к правонарушениям!

Как узнать, были ли вам приписаны фиктивные медуслуги (приписки)?

Проверьте на сайте eGov или через мобильные приложения медицинских информационных систем (таких как Damumed и др.) историю полученных вами медицинских услуг. В случае обнаружения «приписок», то есть приписанных, но не оказанных по факту медицинских услуг, просим сообщить об этом в Фонд медстрахования.

Как сообщить в Фонд о приписке?

Если вы обнаружили у себя запись о медуслуге, которую на самом деле не получали, нужно отправить обращение в Фонд. Это можно сделать в Telegram через бот @SaqtandyryBot: выбрать раздел «Оставить обращение на 1406», ввести ИИН, текст обращения и прикрепить скрин сообщения из eGov или мобильного приложения медицинской информационной системы (например, Damumed) и далее отправить обращение.

Многие граждане пишут о приписках в социальных сетях, однако сообщения, посты и комментарии, оставленные в социальных сетях, не являются основанием для проведения официальной проверки.

Почему это важно?

Приписка медуслуги – это когда медорганизация приписывает вам неоказанную по факту медицинскую услугу с последующим выставлением счета на оплату Фонду соцмедстрахования.

При доказанном факте приписки, Фонд штрафует медорганизацию в трехкратном размере. Эти средства возвращаются на счет Фонда, и деньги снова идут на оплату медуслуг, фактически оказанных застрахованному населению.

Наш блог в Twitter! Будь в курсе новостей!

Жуырда 2022 жылдың қорытындысы бойынша 52 мыңнан астам «жалған қабылдау» дерегі тіркелгендігі туралы ақпарат жарияланған болатын. Осыдан кейін көрсетілмеген медициналық қызметтерге қатысты ел тұрғындарынан әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына өтініштер толассыз түсе бастады.

Айталық, соңғы 7 күннің ішінде «жалған қабылдауларға» қатысты шамамен 1 200 хат келіп түсті. Салыстырар болсақ, былтыр дәл осы кезеңде небәрі 80-ге жуық өтініш тіркелген.

Осы орайда, Қор азаматтық ұстанымын танытып, жалған деректермен батыл күреске кіріскен пациенттерге ризашылығын білдіреді.
Бұл ретте Қор сарапшылары келіп түскен өтініштерге проактивті мониторинг жүргізгенін еске салайық. Өкінішке қарай тексеру кезінде өтінішпен жүгінгендердің жартысынан көбі (730) шағымын кері қайтарып алғаны белгілі болды. Мамандар мұның себебін анықтауға тырысты. Тексеру нәтижесі көрсеткендей, медициналық ұйымдар шағым түсірген азаматтарға жеке хабарласып, өтініштерін кері қайтарып алуын сұраған.

Сондай-ақ медициналық ұйымдардың кейбірі Қордың айыппұл санкцияларынан қорқып, медициналық ақпараттық жүйелердегі жалған деректерді өз бетінше өшіріп тастауға тырысқан.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «жалған қабылдау» деректері анықталған жағдайда ел тұрғындарын бірден Қорға хабарласуға шақырады. Сондай-ақ Қорға жалған дерек бойынша ресми өтініш жазылған соң, медициналық ұйым өкілдері қоңырау шалып, оны қайтарып алуды өтінсе де, олардың талабын орындамау керектігін еске салады. Ал өтінішті кері қайтарып алған жағдайда пациенттердің өзі құқық бұзушылыққа жол берген болып саналады.

Жалған медициналық қызметтер көрсетілгенін қалай анықтауға болады?

Ол үшін еGOV сайты немесе медициналық ақпараттық жүйелердің мобильді қосымшалары арқылы (Damumed және т.б.) алынған медициналық қызметтердің дерегін тексеру керек. «Жалған қабылдау» дерегі анықталса, яғни шын мәнінде көрсетілмеген медициналық қызметтер «ұсынылды» деп жалған жазылса, бірден Медициналық сақтандыру қорына хабарлауды сұраймыз.

Қорға жалған деректерді қалай хабарлауға болады?

Дәрігердің алдына барып, медициналық қызмет алмағаныңыз анықталған жағдайда дереу Қордың қызметіне жүгіну керек. Мұны Telegram-дағы @SaqtandyryBot арнасы арқылы жасауға болады. Ол үшін «1406-ға өтініш қалдыру» бөлімін таңдап, ЖСН-ді енгізіп, өтініш мәтінін толтырасыз. Сосын еGOV немесе медициналық ақпараттық жүйенің мобильді қосымшасынан (мысалы, Damumed) жалған хабарламаның скриншотын тіркеп жіберу қажет.

Өкінішке қарай ел тұрғындарының көбі мұндай деректер анықталған жағдайда көбінесе әлеуметтік желілерге жазады. Алайда желідегі жазбалар мен пікірлер ресми тексеруге негіз бола алмайтынын еске саламыз.

Бұл неліктен маңызды?

Өйткені медициналық мекеме пациентке көрсетілмеген медициналық көмекті «көрсетілді» деп жазып, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлем шотын тапсырады.

«Жалған қабылдау» дерегі расталған жағдайда, Қор медициналық ұйымға үш есе айыппұл салады. Ал Қордың шотына қайтарылған қаражат сақтандырылған азаматтарға көрсетілген медициналық қызметтерді төлеуге жұмсалады.