«Əділет» партиясының Іскерлік кеңесі алаңында партия Төрағасы Айбек
Дəдебай тау-кен металлургия кешені кəсіпорындарының басшыларымен, мем-
лекеттік органдардың жəне салалық қауымдастықтардың өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында саланы дамыту, отандық кəсіпорындарға қолдау көрсету,
жаңа өндіріс орындарын ашу, шикізатты терең өңдеу, инженерлік кадрлар даяр-
лау сынды өзекті мəселелер талқыланды.
Кездесуді ашқан Айбек Дəдебай Қазақстанның минералды шикізат қоры аса
бай екенін атап өтті. Саланың əлеуеті ең алдымен ел экономикасын дамыту жо-
лында қызмет етуге тиіс.
«Бұл – тек экономикалық мəселе емес. Бұл – əділдік мəселесі. Жер
байлығы халықтың əл-ауқатына айналуға тиіс. Сондықтан «Əділет»
партиясы терең өңдеу ісін дамытуға, жаңа өндіріс орындарын ашуға жəне
жоғары деңгейде өңделген өнім көлемін ұлғайтуға бағытталған Прези-
денттің стратегиялық бағдарын толық қолдайды», — деді партия Төрағасы.
Оның айтуынша, табиғи ресурстарды пайдалану тəсілін өзгерту қажет. Мем-
лекет шикізатты экспорттап, сол шикізаттан өндірілген дайын өнімді сатып алып
отырған кезде негізгі табыс, жаңа өндірістер мен жұмыс орындары Қазақстаннан
тыс жерде қалыптасады. Сондықтан шикізатты терең өңдеу ісін дамыту қадамы
өнеркəсіп саясатының негізгі басымдықтарының біріне айналуға тиіс.
«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның мəліметінше, өткен жылғы қорытынды
бойынша тау-кен металлургия кешені мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің шамамен
8%-ын қамтамасыз етті. Өндірілген өнім көлемі 14 трлн теңгеден асып, экспорт
көлемі 21,4 млрд АҚШ долларын құрады. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ басқарма
төрағасы Нариман Абсаметовтің айтуынша, бүгінде тау-кен металлургия кешені
мемлекет үшін стратегиялық маңызға ие болып отыр.
«Сирек кездесетін минералдарға қолжетімділік мемлекеттің жаһан-
дық бəсекеге қабілеттілігін айқындайтын маңызды факторлардың біріне
айналуда. Қазақстан бірегей минералды шикізат базасына ие жəне оны
тиімді игеру қадамы еліміздің əлемдік нарықтағы позициясын нығайтуға
мүмкіндік береді», — деді Нариман Абсаметов.
Талқылау барысында сала өкілдері бірқатар жүйелі мəселені көтерді. Атап
айтқанда, Тау-кен өндіруші жəне тау-кен металлургиялық кəсіпорындардың рес-
публикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец темір-
жол тасымалы сала үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтіп, транзиттік та-
сымалдан түсетін кірістерді бөлудің неғұрлым теңгерімді тəсілін қарастыруды
ұсынды.
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Руслан Өскенəлі сала-
ны одан əрі дамыту мəселесі мемлекет , бизнес жəне қоғам арасындағы тұрақты
өзара іс-қимылды талап ететінін атап өтті.
«Əділет» партиясының Іскерлік кеңесі отандық өнеркəсіпті дамы-
туға жəне Қазақстан экономикасын нығайтуға бағытталған бастамалар-
ды əзірлейтін тиімді алаңға айналатынына сенімдімін», — деді Руслан
Өскенəлі.
Қатысушылар кəсіпорындарды жаңғырту, инвестиция тарту жəне білікті
кадрлар даярлау мəселелеріне де ерекше назар аударды. Кездесуге қатысушылар
табиғи ресурстар жаңа өндірістерді іске қосуға, заманауи технологияларды енгізуге
жəне жаңа жұмыс орындарын ашуға негіз болуға тиіс екенін атап өтті.
«Qarmet» АҚ басшысы Вадим Басин кəсіпорында жүргізіліп жатқан ауқымды
жаңғырту жұмысы туралы айтып, қауіпсіздікке, еңбек жағдайына жəне кəсіби кадр-
ларға инвестиция салмайынша өндірісті дамыту мүмкін емес екенін жеткізді.
«Өнеркəсіп секторы үшін əділдік – адамның еңбегін құрметтеу деген
сөз. Кəсіпорын қауіпсіздік есебінен емес, өз алдына дамуға тиіс. Инвести-
ция тек жабдықтарға ғана емес, адамдарға да бағытталуы керек», — деді
Вадим Басин.
Кездесуді қорытындылай келе Айбек Дəдебай бүгінде саланы дамыту мəсе-
лесін талқылап қана қоймай, оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету аса маңы-
зды екенін атап өтті. Ол Іскерлік кеңес отырысының қорытындысы бойынша
«Əділет» партиясы тау-кен металлургия саласын дамытуға арналған бірыңғай ба-
стамалар топтамасын əзірлейтінін мəлімдеді. Оның негізіне бизнес өкілдерінің, са-
лалық қауымдастықтардың жəне сарапшылар қоғамдастығының ұсыныстары ен-
гізіледі.
«Бүгін нақты əрі шын мəнінде аса маңызды өте көп ұсыныс айтыл-
ды. Олардың əрқайсысы жан-жақты қаралып, жүйеленіп, Іскерлік кеңестің
алдағы жұмысының бір бөлігіне айналады. Біздің міндетіміз – бизнес пен
мемлекет арасындағы диалогтың күн сайын жалғасуын қамтамасыз ету»,
— деп түйіндеді Айбек Дəдебай.
Кездесу соңында «Əділет» партиясының жаңа мүшелеріне партиялық би-
леттер табысталды.
«Әділет» партиясы
Бизнес өкілдерінің ұсыныстары «Əділет» партиясының тау-кен металлургия кешенін дамыту жөніндегі бастамалар топтамасына енгізіледі
| 75 просмотров
Поделиться:

