29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Пятница, 18 октября

Бақытты балалық шақ

2024 жылғы 31 мамырда 6697 әскери бөлімінің саптық алаңында 1 маусым— Х алықаралық балаларды қорғау күніне орай әскери қызметшілердің балаларына арналған «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік бағдарламада әскери техника мен қару-жарақты, әскери киімді көру, одан кейін бөлім көркемөнерпаздар концерті, қоян-қолтық ұрыс пен қызметтік ит көрінісі тамашаланды.

Кейін Зайцев аниматорлар шоуы ұсынылып, балаларға тәтті балмұздақ пен шарлар таратылды. Аниматорлар шоуы аяқталған соң, «Әке, ана және мен» спорттық байқауы мен асфальтке «Мен әлемді саламын» сурет байқауы өткізіліп, соңында ісшараға қорытынды шығарылып, әскери бөлімде іссапармен жүрген «Орталық» өңірлік қолбасшылығының Ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы генерал-майор Е. Ш. Рүстемханов балаларды мерекемен құттықтап, жеңімпаздарды марапаттады.

Мы в Instagram! Подпишись, чтобы быть в курсе новостей!