29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Понедельник, 2 марта

Қазақстандағы референдумда дауыс беру кезінде азаматтар есептен шығару куәлігін пайдалана алады

Қазақстандағы референдумда дауыс беру кезінде азаматтар тіркеу орны бойынша емес, өзіне ыңғайлы кез келген сайлау учаскесінде дауыс беруге мүмкіндік беретін ресми құжат – есептен шығару куәлігін пайдалана алады.

2026 жылғы 15 наурызға белгіленген жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумға байланысты есептен шығару куәліктерін алу тәртібі төмендегідей: берілетін мерзімі: 2026 жылғы 27 ақпаннан бастап 14 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін (қоса алғанда).

Қайдан алуға болады: тұрақты тіркеу орны бойынша учаскелік сайлау комиссиясынан (УСК). Қажетті құжаттар: жеке өзі келіп, жеке куәлігін көрсетуі қажет (eGov Mobile қосымшасындағы электрондық нұсқасын пайдалануға болады) және жазбаша өтініш беру керек.

Өкіл арқылы алу: сенімхат негізінде алуға болады. Мұндай сенімхатты нотариалды куәландыру талап етілмейді. Маңызды шектеулер мен ережелер: бір қала шегінде: бір елді мекеннің ішінде басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға есептен шығару куәлігі берілмейді. Құжат жоғалған жағдайда: куәлік қайта қалпына келтірілмейді, телнұсқа берілмейді. Қалай дауыс береді: дауыс беру күні таңдалған учаскеге есептен шығару куәлігін және жеке куәліктің түпнұсқасын (немесе электрондық нұсқасын) көрсету қажет.

Азамат сол жерде тізімге енгізіледі. Жарамдылық мерзімі: құжат бір рет қана пайдаланылады және дауыс бергеннен кейін комиссия тарапынан алынады.

Есептен шығару куәліктерін беру дауыс беру басталардан бір күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де тоқтатылады.