29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Понедельник, 7 октября

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы

Азаматтарға арналған мемлекеттік қызметтер

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 20 мамырдағы «Ұлт жоспары – бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» бағдарламасына қосылған бір қадам, ол Канададағы Canada Service және Австралиядағы Centrelink үлгісі бойынша мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдеріне айналатын «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру болды. Мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялайды. Қазақстан азаматтары мемлекеттік қызметтерді бір жерден алатын болады.

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – жеке және (немесе) заңды тұлғаларға «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету, жеке және заңды тұлғалардың міндетті мемлекеттік тіркелуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, ғимараттарды, құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын техникалық зерттеп-қарау, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептік тіркеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын бірыңғай провайдер болып табылады.

«Бір терезе» қағидаты – мемлекеттік қызметті орталықтандырып көрсетудің мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды жинау мен дайындауға барынша аз қатысуын және оның көрсетілетін қызметті берушілермен тікелей байланысын шектеуді көздейтін нысаны.

Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі: көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу; мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық; мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі; мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру; мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:

  1. көрсетілетін қызметті берушілер арқылы;
  2. Мемлекеттік корпорация арқылы;
  3. «электрондық үкіметтің» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жексенбі және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-дан 20.00-ге дейін үзіліссіз, жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорациямен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілген қызметтер тізілімімен айқындалады. Мемлекеттік корпорациямен мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен және регламенттерімен айқындалады.

Құжаттарды қабылдау және дайын құжаттарды беру электронды кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорацияға өтініш беру алдында өтініш беруші немесе оның өкілі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады, өтініш берушінің өкілі оның өкілеттігін растайтын құжатты қосымша ұсынады.

Мемлекеттік корпорция өзіне-өзі қызмет көрсету секторының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, онда «электрондық үкіметтің» веб-порталы, Telegram-бот @EgovKzBot сервистерін пайдалану және электрондық цифрлық қол таңбалы пайдалану мәселелері бойынша консультация беру, сондай-ақ, азаматтарға «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетілетін өзіне-өзі мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі беріледі.

Подписывайся на наш Телеграм-канал! Будь в курсе новостей!