Қолжетімді бағадағы 200 тонна өнім: Көкшетауда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Көкшетауда Қарттар күніне орай облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері қала тұрғындарына 200 тоннадан астам жаңа өнім ұсынды. Сауда 50 павильонда орналасқан 100 сауда орнында ұйымдастырылды, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.
Сөрелерде сатып алушылар арасында сұранысқа ие өнімдердің түр-түрі ұсынылды. Атап айтқанда, 50 тоннаға жуық ет өнімдері, 20 тонна сүт өнімдері, сондай-ақ шамамен 40 тонна көкөніс пен картоп әкелінді. Сонымен қатар жәрмеңкеден балық, жұмыртқа, ұн, жарма, өсімдік майы, маусымдық өнімдер мен көшеттерді сатып алуға болады.
Жәрмеңкеге облыстың он ауданынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысып отыр. Тұрғындардың ұсынылған өнімдерге қызығушылығы жоғары екенін көріп отырмыз. Мұндай ж










