29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Карлығаин Нурхадырқызы

Застанциондық қалалық үлгілі кітапхананың меңгерушісі

«Ауғанстан – естелік және тарих»

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғана 30 жыл толуына орай Застанциондық қалаллық үлгілі кітапхананың оқу залында 30 қаңтар күні «Ауғанстан — естелік және тарих» атты еске алу сабағы өтті. №14 ОМ 8 сынып оқушылары іс — шараға катысты. Мақсаты: Тәуелсіздік жолында күрескен аға — апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу. Ерлік кездейсоқ болмайды, ол жауынгердың жүрегінде достарын еске алып, Отанынан өзін тыс сезіне алмайтынын түсінгенде ғана туындайды. Сол соғыста ерлік көрсеткен Қазақстандықтар да аз болған жоқ. Солардың ішінде Ақмола облысының соғыса қатысқан ағаларымыз да бар. Іс — шараның қонағы . Ақмола облысының Ауған соғысының ардагерлері және мұгідіктер одағының Ауған соғысының ардагері Балпан Асқар Қалелұлы Ауған соғысының тарихына тоқталып, соғысқа қатынсқан қарулас жолдастарын, сол күндерін еске алды. Оқырмандар қонағымызға сұрақтарын қойды.

Ұмыт болған, ұмыт болған жоқ ешкім Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім. Ұрпақ үшін тозбай тұғын бітпейтін Ардагерлер — естелігі соғыстың Бүгін біз, жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.