29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Ата көрген оқ жонар… (фото)

Ең алғаш қарттар күні Еуропада тойлана бастады, кейін бұл дәстүр Америка халқына ауысып, 1980 жылдан бастап барлық әлем халықтары тойлайтын халықаралық мейрамға айналды. Сөйтіп, қарттар күні — халықаралық мереке ретінде 1990 жылдың 14 –ші желтоқсанында Біріккен ұлттар ұйымының Бас ассамблеясында ресми түрде бекітілген болатын, ал 1991 жылдан бері аталмыш мерекенің тойлану күні 1 қазанға өзгертілді. Отыз екі жыл сақталып келген мейрам 2023 жылы да өзінің жалғасын тауып, бүгінде Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығында да ерекше назарға ие болды.

Өткен демалыс күндері «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты СҚО, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Ұлытау облыстарындағы ардагерлерге әскери бөлімдердің тарапынан 1 қазан — Халықаралық қарттар күні қарсаңында құттықтау шаралары ұйымдастырылды. Атап өтсек, бірі бөлім басшылығы әйелдер кеңесінің төрағаларымен бірлесіп бөлім аумағында ардагерлерге салтанатты іс-шара, концерттік бағдарлама ұйымдастырса, кейбірі ардақтылардың үйлеріне қонақтап барып отбасы мүшелерінің алдында алғыс хат, грамоталарын оқып, сыйлықтарын табыстады.

1 қазан күні әскери бөлім командирі полковник Талғат Әбдіровтың өзі жеке бастап, бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Ескендір Сараубековпен тәрбие бөлімшесінің офицерлері, батальон, рота командирлерінің тәрбие жөніндегі орынбасарлары әйелдер кеңесімен бірлесіп облысымызда тұрып жатқан запастағы прапорщик Ключев Анатолий Аркадьевичтің, запастағы аға прапорщик Полевикова Валентина Васильевнаның, запастағы прапорщик Быстров Юрий Николаевич, запастағы майор Жармағамбет Нұрділдәұлының үйлеріне барып, отбасы мүшелерінің алдында бөлім командирінің атынан алғыс хатын жеткізіп, азық-түлік пәкеттерін сыйлады. Ардагерлер арамыздағы тарих, олардың оң жолын жастарға насихат ету, қызметтік белестерін қазіргі ұрпаққа дәріптеу әрбіреуіміздің қасиетті борышымыз деп білемін, осындай шара кезінде ұмытпай, үнемі қол ұшын беріп тұрсақ оның өзі игі

— деп атап өтті 6697 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі бөлімшесінің бастығы майор Дулат Шәріпбаев.

Қарағандылық 6505 әскери бөлімінің ұжымы аталмыш мерекеге өзіндік бастамасымен көзге түсті, атап өтсек батальон командирлерінің тәрбие жөніндегі орынбасарларының ұйымдастыруымен бөлім аумағында мәдениет үйлерінің ұжымдары рота көркемөнерпаздарының құрамымен бірлесе ән шырқап, би билеп ардагерлерге концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Демалыс күні әскери 4 атқыштар батальоны Агрогородок ауылының мәдениет үйімен бірлесе, ал біздің 2 атқыштар батальонының жеке құрамы Шахтинск қаласының мәдениет үйінің концерттік бірлестігімен бірлесіп Долинка кентінде «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мейрамына арналған салтанатты іс-шара өткізді. Шара кезінде өзіміздің 2 атқыштар батальонының құрметті ардагері Татьяна Яковлевнаға өзіміздің сыйлықтарымызды табыстадық, бізге дейін дара жолын салып бастаушыларының бірі болғандарға біз мың алғыс білдіреміз, олардың еңбегін ұмытпай, әрдайым көңілімізді білдіру біздің парыз

— дейді 2 атқыштар батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары майор Бахтияр Утеулиев.

«Ата көрген оқ жонар…» демекші келешек ұрпақ өзіне дейін басып жүрген дара жолды ата-бабасын біліп, құрметтей білуі тиіс, осы орайда осындай мейрамдардың маңызды екені сөзсіз.

Шара барысында «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерінің барлық ардагерлеріне әскери бөлім командирлерінің атынан алғыс, грамоталар табысталып, сыйлықтар сыйланды.

Наше сообщество в Вконтакте. Подпишись, чтобы быть в курсе новостей!